Шығыстану

«6В02201-Шығыстану» білім беру бағдарламасы оқитын аймақ елдерінің тарихын, мәдениетін, саясатын, экономикасының ерекшеліктерін білетін, шет тілдерін  (оның ішінде аймақ елдерінің шет тілін және халықаралық қатынас тілі болып саналатын ағылшын тілін) жақсы меңгерген, сондай-ақ халықаралық ортадағы аналитикалық жұмыс дағдыларын меңгерген, Қазақстанды модернизациялау мақсатында мемлекеттік, жеке және қоғамдық ұйымдардың халықаралық қызметін жүзеге асыруға қабілетті Шығыс елдері бойынша мамандар даярлауға бағытталған.

 

Білім беру бағдарламасының (ББ) міндеттері:

  • Оқитын аймақтың тарихын, этнографиясын, экономикасы мен саясатын, ғылымы мен мәдениетін, әдебиеті мен дәстүрлерін кешенді түрде оқыту
  • Шығыс және батыс тілдерін қарқынды оқыту

 

2 шет тілін меңгерген мамандарды даярлайтын білім беру бағдарламасының майнорлары:

  • Шығыстың геосаяси және геоэкономикалық трансформациясы: тұрақты даму және қауіпсіздік
  • Қазақстан және XXI ғасырдағы Жібек жолы: аймақтық серіктестіктің жаңа тетіктері
  • Шығыстың креативті индустриялары
  • Шетелдік Азияның ресурстық әлеуеті: Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс

 

Негізгі біліктілік: шығыстанушы

 

Қосымша біліктіліктер:

 

  • Халықаралық-құқықтық мәселелер жөніндегі референт
  • Мәдениетаралық байланыс бойынша референт-үйлестіруші
  • Сыртқы істер министрлігінің өкілдігіндегі көмекші
  • Инновациялық-инфрақұрылымдық дамуды жобалау маманы
  • Логистикалық компаниялардың кеңесшісі
  • Іскерлік келіссөздерді ұйымдастырушы
  • Цифрлік туризм маманы
  • Туризмді (E-туризм) дамыту маманы
  • Медиа агент
  • Ақпараттық қауіпсіздік маманы
  • Бизнес-мәселелер маманы
  • Ресурстық жобаны жасаушы
  • Құқықтық мәселелер бойынша кеңесші

 

Өндірістік практика базасы:

  • ҚР Сыртқы істер министрлігі
  • Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты
  • Әкімдіктер мен білім беру департаменттері
  • Туристік агенттіктер мен шығыс елдерінің БАҚ өкілдіктері
  • Банктер мен коммерциялық ұйымдар
  • Сіз шет тілін (шығыс)  аптасына 12 сағаттан (1 және 2 курс) және 10 сағаттан (3 және 4 курс) үйренудің ерекше мүмкіндігіне ие боласыз.
  • Екінші шет тілін (ағылшын) 2-курстан бастап оқу мүмкіндігіңіз болады.

Есте сақтаңыз: профильдік пәндер - Шет тілі + Дүниежүзі тарихы

Печать