Шетел тілдері педагогикалық факультеті

Айбарша

Шетел тілдері педагогикалық факультетінің білім беру қызметінің мақсаты кәсіби маман дайындауда халықаралыққа сәйкес сапаны қамсыздандыру үшін Қазақстан Республикасының қазіргі әлем арасындағы гуманитарлық білім салаларының жиынтығын өзара әрекеттесттіру болып табылады.

Сонымен қатар студенттердің дайындық сапасын көтеру және жаңа үлгідегі маман иесін дайындап шығару, жоғарғы біліктілікке және қазіргі қоғамның жоғарғы деңгейде бәсекеге қабілетті болуын қолдау.

 

Білім беру бағдарламалары:

мамандығы бойынша бакалавр, магистр және доктор (PhD) мамандарын дайындап шығарады.

Шеттілдік педагогикалық білімнің жаңартылуына байланысты, шетел тілі мұғалімінің дайындығы жүзеге асу барысында, әдіснамалық тұғырнама және  мұғалім дайындығының мазмұны жаңартылды, жаңа оқыту технологиялары енгізілді, маманның құзыреттілік үлгісі әзірленді.

Соңғы үш жыл ішінде факультет "шетел тілі: екі шетел тілі" мамандағы бойынша Ұлттық рейтингте бірінші орында. "Шетел тілі: екі шетел тілі" мамандығы Халықаралық Аккредитациялық Агенттігінде AQAS(Германия, 2012г.) аккредитацияланды. Факультетте 1 500 жуық студент оқытылуда, соның ішінде, жақын және алыс елдердегі шетелдік студенттер.

Шетел тілдері педагогикалық факультет студенттеріне шет елдерінде академиялық мобильді мынандай университеттерде оқуға мүмкіндік береді: Бамберг университеті (Германия), Ланджоу университеті (Қытай), Пуссан шетел тілдер университеті (Оңтүстік Корея), Ұлттық Чунбук университеті (Оңтүстік Корея), Чунан университеті (Оңтүстік Корея), Кебангсан университеті (Малайзия) және т.б.

Факультетімізге қош келдіңіз!
Құрметпен, факультет деканы
Ф.ғ.д., профессор Ислам Айбарша
Т.292-08-05 (і.т. 2708)

 

Печать E-mail

универсиада замена