Екі шетел тілі мұғалімі

Құрметті Талапкерлер!

Сізге Minor бағдарламалар аясында екі шетел тілін үйренуге және көп функционалды даярлыққа бірегей мүмкіндік аласыз.

 

Дайындық бағыты: 6B017 - Тіл және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау

Білім беру бағдарламалар тобы: 6В01718 - екі шетел тілі мұғалімі

Мамандығы: «6В01718 - Екі шетел тілі мұғалімі»

  • жалпы білім беретін мектептің бастауыш, негізгі және бейіндік сатыларында жұмыс істей алатын, екі шетел тілін меңгерген жаңа көзқарастағы мамандарды дайындайды;
  • Білім беру бағдарламасы аясында жаратылыстану-ғылыми (Биология, Химия, Физика), Гуманитарлық (тіл үйреніп жатқан елдің Әдебиеті) және экономикалық бағыттар бойынша Бейіндік мектепте шеттілдік білім берудің әдістемесі мен технологиялары бойынша курстар әзірленді.
  • жоғары білікті және тәжірибелі профессорлық-оқытушылар құрамы үнемі біліктілікті арттыру курсынан және халықаралық сертификаттаудан өтеді;
  • факультет құрамында 4 кафедра бар: сөйлеу практикасы және коммуникациясы кафедрасы, мәдениетаралық коммуникация теориясы және практикасы кафедрасы, Педагогика және Психология кафедрасы, және Педагогикалық колледжмен бірлесіп шеттілдік білім беру аясында кластерді жүзеге асыратын бітіруші шеттілдік білім беру әдістемесі кафедрасы.
  • білім беру бағдарламасы студенттері мен оқытушыларына арналған "Қос диплом" және академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыра отырып, Еуропа және Азия университеттерімен белсенді халықаралық ынтымақтастық жүргізеді;
  • халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар, әдістемелік семинарлар, форумдар, дөңгелек үстелдер, халықаралық және республикалық олимпиадалар өткізіледі.

 

Міnorѕ мамандарын даярлау:

  • Гуманитарлық бейіндегі кәсіби салалық мәдениетаралық коммуникация
  • Экономикалық бейіндегі кәсіби салалық мәдениетаралық коммуникация
  • Жаратылыстану-ғылымдық бейіндегі кәсіби салалық мәдениетаралық коммуникация
  • Коммуникацияның мульти салалық форматын қамтамасыз етуге арналға нинфокоммуникациялық технологиялар

 

Білім беру бакалавры:

- әр түрлі салаларда мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде екі шетел тілін қолданады;

- сөйлеу және іскерлік этикетті, кәсіби жеткілікті деңгейде ауызша және жазбаша коммуникацияны меңгереді,

- шетел тілі мен әдебиетін оқытудың әдіснамалық негіздерін меңгереді;

 

Сіздер мамандандық аласыздар:

  • Екі шетел тілі мен сол тілдер елінің әдебиетін білу;
  • Шеттілдік білім берудің бастауыш, негізгі және бейіндік сатыларында шетел тілі мен әдебиетін оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен инновациялық технологиялар ерекшеліктерін;
  • оқу процесін ұйымдастыру, жоспарлау және басқару;
  • оқу контентін құру және оқу ортасын қамтамасыз ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолдану;
  • шетел тілдерін меңгерудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері;
  • сыни ойлау және когнитивтік тарту техникасы;
  • кәсіби-салалық шетел тілін дайындау ерекшелігі;

 

Сіз өндірістік тәжірибеден өтесіз:

  • кәсіби шетел тілі бойынша Алматы қаласының мектептерінде, гимназияларында;
  • екінші шетел тілі бойынша шетел тілдерін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған колледждерде, мектептерде;
  • еуропалық / шығыс шетел тілдерін мәдениетаралық коммуникация құралы ретінде пайдалана алады, шеттілді ортада жұмыс істей алады;
  • сөйлеу және іскерлік этикетін, ауызша және жазбаша сөйлеуді кәсіби жеткілікті деңгейде меңгерген;

Сіз алмасу бағдарламалары бойынша оқытылатын тіл елдерінің серіктес университеттерінде тілдік тағылымдамадан өтесіз:

  • Пассау Университеті (Германия),
  • Фрибург Университеті (Швейцария);
  • Пуатье Университеті (Франция);
  • Ланджоу университеті (Қытай),
  • Кебангсаан университеті (Малайзия),
  • Оңтүстік Корея университеттері және т. б.;

Сіз жұмыс жасай аласыз:

  • мемлекеттік және жеке меншіктік сектордағы білім беру ұйымдарында (мектептер, колледждер және т. б.);
  • қызметі халықаралық өзара қатынаспен байланысты және мәдениетаралық коммуникация саласындағы білікті кадрларды қажет ететін компаниялар мен ұйымдарда.

Печать E-mail

универсиада замена