Жастар ісі жөніндегі комитеті

Досан Балжан Сәбитовна

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

КДМ төрағасы: Досан Балжан Сәбитқызы

Ablai Khan University Жастар ісі жөніндегі комитеті (КДМ) – университеттің студенттік өзін-өзі басқару жүйесіндегі маңызды құрылымдық бөлімшелерінің бірі. Комитеттің негізгі мақсаты – студенттердің қоғамдық белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жастардың бастамалары мен жобаларын қолдау және университеттің қоғамдық-мәдени өмірін жандандыру.

КДМ төрайымы ретінде негізгі қызметтік міндеттері:

  1. Университет студенттерінің қоғамдық өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз ету және олардың бастамаларын қолдау;
  2. Студенттік көшбасшылар мен факультет белсенділерінің жұмысын үйлестіру;
  3. Университет көлемінде мәдени-көпшілік, шығармашылық, әлеуметтік және тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру;
  4. Студенттік клубтар мен қызығушылық бойынша бірлестіктердің дамуына қолдау көрсету;
  5. Жастардың көшбасшылық, ұйымдастырушылық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау;
  6. Студенттердің ұсыныстары мен мәселелерін қарастырып, оларды университет әкімшілігіне жеткізу;
  7. Студенттік жобалар мен әлеуметтік бастамаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қолдау көрсету;
  8. Университеттің факультеттері, құрылымдық бөлімшелері және студенттік ұйымдары арасындағы байланысты нығайту;
  9. Қалалық, республикалық деңгейдегі жастар ұйымдарымен және қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық орнату;
  10. Университеттегі студенттік бірлік, өзара қолдау және белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын қалыптастыру.

КДМ төрайымының басты міндеті – студенттердің әлеуетін ашуға мүмкіндік беретін орта қалыптастыру, олардың идеяларын нақты жобаларға айналдыруға көмектесу және университеттің студенттік өмірін дамыту.

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының лауазымдық нұсқаулықтары

Печать E-mail

универсиада замена

🎧 Online қабылдау