Медициналық қызмет көрсету
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ аумағында екі медициналық пункт және Университет жатақханалары кампусының аумағында орналасқан профилакторий жұмыс істейді.
Университет студенттері медициналық бөлімшелерге келесі қызметтерді алу үшін жүгіне алады:
- сырқаттану, жарақат алу немесе суық тию жағдайларында алғашқы медициналық көмек көрсету;
- профилактикалық тексерулерден өту және денсаулық жағдайын тұрақты бақылау;
- денсаулық, дұрыс тамақтану және дене белсенділігі мәселелері бойынша мамандардан кеңес алу;
- оқу үдерісі, спортпен шұғылдану және университеттік іс-шараларға қатысу үшін медициналық анықтамалар рәсімдеу;
- жарақат немесе денсаулықтың кенеттен нашарлауы кезінде жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін шұғыл дәрігерге дейінгі көмек алу.
|
№ |
Мекен-жайы |
ТАЖ |
Тел. |
|
1 |
Мұратбаев к., 200 № 1 оқу ғимараты, 107 каб |
Айтказина Айжан Рымгалиевна |
+7702 862 5701 |
|
2 |
Төле би ,84/Наурызбай батыр,73 к., № 2 оқу ғимараты |
Әділ Айерке Талғатқызы |
+7708 860 5917 +7706 669 6686 |
|
3 |
Жатақхана кампусындағы профилакторий, Құрмағазы к., 150 |
Кушниязова Дина Куанышбековна |
+7700 991 6938 |
Университеттің медициналық пункттері білім алушылардың денсаулығына қамқорлық жасап, қауіпсіз әрі жайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.
