Тарихи Анықтама

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 27 тамыздағы № 1109 «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде әскери кафедра құру жөнінде» бұйрығы бойынша «ЖҰМ –ды мотоатқыштар бөлімшелерінің, бөлімдердің және құрамалардың жауынгерлік қолдануы» және «Шет тілі» мамандақтары бойынша запастағы офицерлерді даярлайтын әскери кафедра құрылды.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2001 жылы 22 қазандағы № 327 және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001жылы 27 қазандағы № 822 бұйрықтарымен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде бірінші рет әскери кафедраның штаттық кестесі бекітілді.

Әскери кафедраның алғашқы бастығы қызметін 2001 жылдан 2012 жылға дейін И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесінің түлегі полковник Аділхан Қуанышбайұлы Далабаев басқарды.

2012 жылдан 2015 жылға дейін әскери кафедраны Ачин жоғары авиациялық-техникалық училищенің түлегі запастағы полковник Владимир Хакімұлы Досалин басқарды.

2015 жылдың соңғы айынан бастап әскери кафедра бастығы қызметіне И.С. Конев атындағы Алматы жоғары әскери  училищенің түлегі, полковник Руслан Серікұлы Абесинов тағайындалды.

2003-2016 жылдарда әскери кафедраны 1343 студент бітірді, «запастағы лейтенант және запастағы сержант» бірінші әскери атағын алды.

Печать