Оқу үрдісі

Әскери кафедрада оқу үрдісі Қазақстан Республикасы әскери құрамалары және басқа әскерлері, Қарулы Күштерінің Жалпыәскери жарғылары талабына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылы 11 тамыздағы № 384 бұйрығымен бекітілген типтік оқу бағдарламасына және  Қорғаныс министрінің жыл сайын әскерді жауынгерлік дайындығы бойынша ұйымдастырылған нұсқауларының, ережелерінің, атыс курстарының және басқа нормативті-құқықтық құжаттарының директивасына, әскери қызметке азаматтарды дайындау Ережесіне сәйкес ұйымдастырылады.

Әскери кафедрада ҚР ҚМ қабылдаған жоспарға сәйкес жоғары кәсіби білім негізінде әскери-есептік мамандығы бойынша «Шет тілі» (ӘЕМ-390200)(ағылшын және қытай тілдерінің әскери аудармашылары), сонымен қатар әскери-есептік мамандығы бойынша «Әскери журналистика» (ӘЕМ-390200) запастағы офицерлерді даярлайды.

Әскери кафедрада оқу 2 жыл жүреді де, студенттердің ЖОО бітіруіне бір жыл қалғанда жазғы демалыс кезінде жаттығу жиынымен аяқталады. Студенттермен әскери дайындықты жүргізу «әскери күн» әдісімен аптасына бір рет жүргізіледі.

Әскери кафедрада студенттер кредиттік технологиямен оқытылмаса да балдық-рейтинигтік жүйе бойынша бағаланады.

Үйренушілердің әскери дайындығын қорытындылайтын кезеңі жаттығу жиыны (кәсіби практика) болып саналады. Жаттығу жиыны әскери бөлімдердің(мекемелердің), әскери оқу орындарының және ЖОО-ның жаттығуға арналған материалдық-техникалық базаларын пайдалану арқылы өтеді. Үйренушілердің әскери дайындық курсын өту кезінде алған командалық және әдістемелік дағдыларын және тәжірибелік үйренулерін жетілдіру мақсатында  жаттығу атыстары бойынша машықтандыру орындалады,  әскери  көліктер жүргізеді  және басқа да жауынгерлік  міндеттер атқарылады.

Үйренуші-қыздар жаттығу жиынына қатыспайды. Олар алған әскери-есептік мамандығы бойынша кәсіптік практика өтеді. Үйренуші-қыздар кәсіби практика  өту кезінде жаттығу атыстарын орындайды және әскери ант қабылдайды. Жаттығу жиыны(кәсіби практика) ЖОО бітіруден бір жыл бұрын жүргізіледі. Егер үйренушілер кейбір дәлелді себептермен (науқастанып қалуына немесе отбасылық және қызметке байланысты) жаттығу жиынына(кәсіби практикаға) қатыса алмаса, ЖОО бітіретін жылы өтуге рұқсат етіледі.

Печать E-mail

универсиада замена