Тәжірибе және жұмыспен қамту орталығы

Кәсіптік іс-тәжірибе кадрлерді даярлауға арналған оқу бағдарламаларының құрамдас бөлігі болып саналады, осылайша студенттердің университетте алған білімдерін бекіту және кеңейту мақсатында оқу процесінің бөлігі ретінде жүзеге асырылады.

Студенттер университетте оқу процесін ұйымдастыру кезінде кәсіптік іс-тәжірибеден өтуге міндетті, өйткені бұл студенттерге оқыту процесінде алған теориялық білімін тереңдетуге, олардың жалпы кәсіптік және кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Ерте жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жұмысында студенттердің өндірістік және басқа да тәжірибе түрлерінің өту рөлі маңызды. Оқу-таныстыру, оқу, өндірістік, педагогикалық және диплом алды іс-тәжірибе түрлеріне байланысты тәжірибе мазмұны анықталады.

Университет кадрларды даярлау саласында жетекші кәсіпорындармен және ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнатқан. Университет түлектері негізінен университет ынтымақтастық және кәсіби іс-тәжірибе өткізу туралы тиісті келісімдер жасалған кәсіпорындарға жұмысқа тұрады.

Орталық Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ түлектерінің жұмысқа орналасуына жыл сайын үнемі мониторинг жүргізіп отырады.

Білім берудің тиімділігін көрсететін ең жарқын көрсеткіші ол түлектердің табысты жұмысқа орналасу екені бәріне айқын. Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ түлектері Қазақстанның еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие.

Біздің түлектер педагогикалық, аудармашылық, қаржылық, экономикалық, заңгерлік және басқа да көптеген салаларда табысты жұмыс істейді.

Іс-тәжірибе және жұмыспен қамту орталығының байланысы:

  • Киікбай Мөлдір Киікбайқызы - Іс-тәжірибе және жұмыспен қамту орталығының Басшысы
  • E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  • 110 каб., №1 ОҒ

тел.: 8 (727) 292 0384

Печать E-mail

универсиада замена