Кітапхана туралы

Кітапханалық-ақпараттық орталық туралы ақпарат

Алматы шетел тілдері институтының кітапханасы (қазіргі Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті) кітапханалық техникум базасы негізінде 1941 жылы құрылған. Кітап қоры 20007 данадан құрылған, 500 оқырман, олардың ішінде 230 студент, кітапханада екі кітапханашы жұмыс істеген.

Университеттің кітапханалық-ақпараттық орталығы оқытушылар мен студенттерді оқу және оқу әдістемелік әдебиеттермен және мерзімді басылымдармен қамтамасыз ететін қажетті бөлігі, жалпы білім беру процессінің тізбегіндегі орталық құрылымдық бөлімшелерінің бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі уақытта кітапханалық-ақпараттық орталық 700 мыңға жуық кітап қоры бар, өзінің ішкі, отандық және шетелдік деректер қорына және интернетке қол жетімді компьютерлермен жабдықталған 4 оқу залынан  және абонементтен тұрады.

Құрметті әріптес!

Біз Сіздерді "Қазақстан және Web of Science: ғылыми ақпаратта 10 жыл прогресс"халықаралық конференциясына шақыруға қуаныштымыз.

Өтетін күні: 18 қараша 2021 ж.

Конференцияның басталуы: 14: 30 (Нұрсұлтан уақыты бойынша)

Конференция бағдарламасы мына сілтеме бойынша қолжетімді.

 

Сіздерді біздің конференцияда күтеміз!

Биыл біз Қазақстан Республикасының Web of Science халықаралық платформасына қол жеткізуінің 10 жылдығын атап өтеміз. Біз бұл оқиғаның осы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеумен тұспа-тұс келгеніне өте қуаныштымыз! Бұл кезең прогресс пен Тұрақты даму дәуіріне айналды. Атап айтқанда, 2011 жылдан бастап, Web of Science ұлттық жазылымы алғаш рет еліміздің ғалымдары мен зерттеушілеріне қол жетімді болғаннан бастап, Қазақстандағы жарияланымдар саны 7 еседен астам өсті. Бұл тек бастамасы ғана - еліміздің ғылыми ұйымдары мен жоғары оқу орындарының әлі де жүзеге асырылуы тиіс зор әлеуеті бар.

 

Конференцияда біз жарияланымдық белсенділік, ашық қолжетімділік саясатын дамыту, академиялық және зерттеу ұйымдары іске асырған ғылыми жобаларды бағалау мәселелерін талқылаймыз.

 

Сондай-ақ, Clarivate халықаралық компаниясы, Қазақстан, Ресей және Ұлыбританияның жетекші университеттері мен ғылыми ұйымдары өкілдерінің баяндамалары тыңдалады. Конференцияға қатысушыларға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшылығы, Clarivate ғылыми бөлімшесінің президенті - Мұхтар Ахмед (Mukhtar Ahmed), Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігі мен консулдығының өкілдері құттықтау сөз сөйлейді.Коронавирустық пандемияға байланысты іс-шараларды өткізуге қойылған шектеулерге байланысты конференция Majorel платформасында виртуалды форматта өтеді

Қатысу үшін келесі мекен-жайға тіркелу қажет: http://centrestage.majorelindia.com/KZ/register.html

Іс-шара өткізілетін күні оған кіруге арналған сілтеме сіз тіркелгеннен кейін бірден электрондық пошта арқылы жіберіледі.

 

Құрметті оқырман!

   Кітапханалық ақпарат орталығының ұжымы өз оқырмандарын  университетіміздің 80 жылдық мерейтойымен және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтайды. 

  Осыған орай КАО-ның қызмет көрсету бөлімі сіздердің назарларыңызға  кітап көрмелерін  ұсынады. 

  15.11.2021 ж. Шетел әдебиеттері оқу залында  «Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне  80 жыл»  атты кітап  көрмесі қойылды.

                                                                         №1 оқу ғимараты, 219 бөлме

 

   16.11.2021 ж. Кәсіби әдебиеттер оқу залында «Елімнің бақытын тербеткен  - Тәуелсіздік »  деген атпен  кітап көрмесі қойылды.

 Кітапхана қорына жаңа түскен әдебиеттермен де осы оқу залында таныса аласыздар. 

                                                                           №3 оқу ғимараты, 103 бөлме

 

Келіңіздер!  Көріңіздер! Оқыңыздар!

 

Кітапханалық-ақпараттық орталығының құрылымы:

 

Кітапханалық-ақпараттық орталығының жұмыс кестесі:

Дс.- Жм.: 09:00 - 18:00

Абонементте кітап беру: 10:00 - 17:00

Үзіліс: 13:00- 14:00

Демалыс: Сенбі және жексенбі.

 

 

 

 

Кітапханалық-ақпараттық орталықтың тәртібі:

            Оқырмандар құқығы:

  • Кітапханада ұсынылатын кітапханалық-ақпараттық қызметтердің барлық түрлерімен тегін қолдана алады
  • Ақпарат көздерін іздеу және таңдауда кеңес алуға
  • Кітап және электрондық каталог деректерін пайдалануға;

 

            Кітапханалық- ақпараттық орталық құқықты:

  • Берілген кітаптарды кітапханаға қайтаруды үнемі бақылауға
  • Кітапханалық-ақпараттық орталықтың тәртібін бұзған оқырмандарға айыппұл салуға
  • Жоғалған немесе бүлдірілген басылымдар үшін оқырманнан нақты нарықтық бағасын төлеткізуге;

             Кітапханалық-ақпараттық орталық міндетті:

  • Оқырмандарға Кітапханалық-ақпараттық орталықтың барлық қорын қолдануға мүмкіндікті қамтамасыз ету
  • Оқырмандарды ұсынылатын барлық қызмет түрлері туралы ақпараттандыру
  • Кітап оқуға қызығушылықты арттыру, өз қорларын жарнамалау; оқырмандардың сұранысын толық қанағаттандыру және зерттеу
  • Осы мақсатта оқырмандармен жеке және жаппай жұмыстың әр түрлі формаларын қолдана отырып, Кітапханалық-ақпараттық орталықтың қызметі мен кітаптарды насихаттауды жақсарту, сонымен қатар автоматтандыру мен инновациялық ақпараттық технологияны негіздеу
  • Белгіленген ережелерге сәйкес қорда тұрған басылымдарды қолдану және сақтау, есеп жүргізу
  • Ұлттық мәдени мұраның бөлігі болып табылатын өз қорларын сақтауға жауап береді;

 

Оқырмандар міндетті:

  • Кітап алу үшін оқырман билетін көрсету
  • Кітапханалық-ақпараттық орталықтың меншігіне және басқада баспа материалдарын, кітаптарға ұқыпты қарауға
  • Кітапханалық-ақпараттық орталықта алынған кітаптарды уақытында қайтару;

 

Оқырманға рұқсат етілмейді:

  • Сөмкемен оқу залына кіруге
  • Оқу залында тыныштықты бұзуға
  • Оқу залынан кітаптарды алып шығуға
  • Кітаптарды бүлдіруге (белгілеуге, беттерді жыртуға, шетін бүгуге және т.б);

Печать E-mail

универсиада замена