«Шетел тілдері» мамандық топтары бойынша студенттер арасындағы Республикалық пәндік олимпиадасы

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің базасында 02-03 мамырда студенттер арасында «Шетел тілдері» және «Гуманитарлық ғылымдар» мамандық топтары бойынша Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу туралы 01.04.2024 жылғы №14-0/1420  бұйрыққа сәйкес II кезең болып өтті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшелерімен кездесу

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 3 мамыр 2024 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері Бегалиев Ернар Нұрлановичпен және Нұрбеков Айдын Маратовичпен Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультетінің білім алушылары, магистранттары және профессор-оқытушы құрамы үшін кездесу өтті.

«Oriental fest 2024» - Фестивалі

«Oriental fest 2024» - фестивалі «Шығыстану» факультетіне болашақ талапкерлерді тартуға бағытталған мәдени іс-шара болып табылады. Фестиваль жыл сайын Шығыстану факультеті, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ жанындағы Корей Орталығы мен Конфуций институтының қолдауымен өткізіледі. Биыл Қазақстанның Батыс аймағындағы су тасқынына байланысты іс-шара тек факультет деңгейінде өткізілді. Іс-шараның мақсаты Шығыс елдерінің ұлттық өнерін байыту, түрлі этностардың қызығушылықтарын қалыптастыру болды.

Қоғаммен байланыс мамандығы студенттерінде мастер класс

2024 жылдың 25 сәуірінде “Қоғаммен байланыс” мамандығының студенттерімен, 24kz_tv және avtoradio.kz теле жүргізушісі Оразов Диас “журналистика мен пиарлың арақатынасы ” атты тақырыбында мастер класс өтті.

"Дала империяларының тарихы: оқиғалар мен тұлғалар" тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

Ұлыс Жошының 800 жылдығын мерекелеу аясында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Дала империяларының тарихы: оқиғалар мен тұлғалар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.

«БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ: СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТРЕНДТЕРІ МЕН ҚАТЕРЛЕРІ» дөңгелек үстел

«Менеджмент және маркетинг» кафедрасы 2024 жылдың 24 сәуірінде сағат 11.00-де дөңгелек үстел өткізілді.

Тақырыбы:  «БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ МЕНЕДЖМЕНТ: СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ – БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТРЕНДТЕРІ МЕН ҚАТЕРЛЕРІ».

Оқушыларға арналған ағылшын тілінен пәндік Олимпиада

2024 жылдың 23 сәуірінде «Шеттілдік білім беру әдістемесі» кафедрасы Шетел тілдері педагогикалық факультетінің студенттік белсенділерінің қолдауымен мектеп оқушыларына ағылшын тілінен пәндік олимпиада – кәсіби бағдар беру және имидждік іс-шара өткізді.

«Есіңде болсын...» онлайн байқау

Ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында   келесі іс-шаралар жүргізілді:

1 Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының оқытушылары Көкшетау қаласындағы  Ш.Уәлиханов атындағы университетінде  өткен Республикалық онлайн байқауға студенттерін дайындады.  «Есіңде болсын...» байқауы Қазақстанның белгілі аудармашысы, публицист, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай өткізілді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ

«ТІЛ. МӘДЕНИЕТ. БАЙЛАНЫС» Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (РФ Челябі қ.) базасында өтті. Өкіл және ғылыми әлемге танымал Форум әртүрлі елдерден бірнеше жүздеген жас ғалымдардың басын қосты.

«Тіл – халықтың мәдениеті мен күш-қуатының көрінісі» атты орыс тілінен олимпиада

Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және тілдер университетінің «Теориялық және қолданбалы тіл білімі» кафедрасында 2024 жылдың 03.04. - 13.04. аралығында «Тіл – халықтың мәдениеті мен күш-қуатының көрінісі» атты орыс тілінен олимпиада өткізілді.

"Халықаралық шарттар құқығы аясында ҚР қылмыстық заңнамасындағы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт" тақырыбында қонақ дәрісі

2024 жылдың 10 сәуірінде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің "Құқықтану" мамандығының 3 курс студенттері арасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының  з.ғ. к., аға оқытушы Б. М. Жугралина "Халықаралық шарттар құқығы аясында ҚР қылмыстық заңнамасындағы азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт" тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісті з.ғ. к., халықаралық құқық кафедрасының доценті Ж. Б. Меерманова ұйымдастырды..

«БҰҰ үлгісі» халықаралық студенттік конференция

Осымен, БҰҰ моделінің екі қызықты күні сәтті аяқталды! Алматы қаласының 10-нан астам университет студенттері мен мектеп оқушылары, FLEX бағдарламасының түлектері - 73 делегат келесі бағыттар бойынша резолюция қалыптастыру бойынша жұмыс жасады:

"Мейрамхана дело және қонақ үй бизнесі" ББ студенттерінің "Фараби әлемі"студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми конференциясына қатысуы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2024 жылы 4-6 сәуір аралығында "Фараби әлемі" атты, студенттер мен жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Конференция Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 90 жылдығына орай ұйымдастырылды.

"Кәсіпорын экономикасы" Пәні бойынша студенттік аймақтық онлайн пәндік Олимпиада

2024 жылдың 04 сәуірінде "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері Университеті" АҚ "Халықаралық бизнес" кафедрасы "Кәсіпорын экономикасы" пәні бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының студенттері арасында онлаин аймақтық студенттік пәндік олимпиада(бұдан әрі-АСПО) өткізді.

Университетіміздің студенттері Фараби әлемі конференциясында

2024 жылдың 4 сәуір күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де офлайн форматы бойынша кезекті «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы болып өтті. Конференцияға факультетіміздің «Шығыстану», «Түркітану» білім беру бағдарламалары бойынша 1-4 курс студенттері Ерен Айзере Медеуқызы, Сатыбалдина Еркеназ Джанболатовна, Қаблан Айша Қутбайқызы, Серикболова Аруна Серикболовна қатысты.

Университет аралық пікірталас клубы жұмысын бастады

2 сәуірде PR технологиялар саласындағы өзекті тақырыптар бойынша университетаралық студенттік пікірталас клубы өз жұмысын басталып, 16 сәуірге дейін жалғасады. Белгілі журналист, PR маманы Б.Ш. Алдоңғарованың бастамасымен құрылған жобаның мақсаты - Алматы қаласындағы университет студенттері арасында пікір алмасу.

28 марта 2024 года факультет Востоковедения и институт Конфуция провели международный круглый стол «Казахстан-Китай-Центральная Азия: современное состояние и перспективы». Настоящее мероприятие было посвящено 20-летию открытия кафедры Перевода восточных

2024 жылдың 28 наурызында Шығыстану факультеті мен Конфуций институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан-Қытай-Орталық Азия: қазіргі жағдайы және болашағы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш шара Шығыс тілдері аударма кафедрасының ашылуының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге филология, аударматану, саясаттану және шығыстану саласындағы отандық және шетелдік мамандар, факультеттің профессор-оқытушылар құрамы, кафедраның алғашқы түлектері қатысты.

Зияткерлік-танымдық ойын өткізу туралы есеп «Менеджмент және маркетинг» кафедрасы.

«Не? Қайда? Қашан?» Тапқыр достар атты интеллектуалды-танымдық ойыны! Колледждердің проф. ориентациялық жұмысы бойынша студенттер үшін арналған. Қатысушылар:

  1. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Халықаралық сервис және менеджмент колледжі».
  2. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ «Менеджмент және халықаралық туризм колледжі».
  3. Алматы қаржы-экономикалық колледжі.

Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенттері арасында экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған «Invest in our planet» конкурсы

2024 жылдың 13 наурызында Шет тілдер педагогикалық факультетінің 1 курс студенттері арасында экологиялық мәселелердің шешімін табуға бағытталған «Invest in our planet» конкурсы өтті. Әр топ қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу бойынша презентация, бейнеролик, фотосурет көрсетті.

"Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

2024 жылғы 11-12 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың X Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.