Кәсіптік шет тілінен пәндік олимпиада

Студенттердің шетел тіліндегі коммуникативтік құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін тексеру, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың кәсіби дайындығын арттыру мақсатында 2023 жылдың 14-15 наурызында «Кәсіби шетел тілі (экономикалық-құқықтық бағыт)» кафедрасының оқытушылары «6В041 – Бизнес және менеджмент» және «6В042 – Құқық» мамандықтарының 3 курс студенттері арасында кәсіби шетел тілі пәні бойынша пәндік олимпиада өткізді. Студенттер олимпиадаға белсене қатысып, өздерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын кәсіби шетел тілінде көрсете білді.

Шығыстану факультетінің ПОҚ-ы Әзірбайжанда өткен корейтану бойынша халықаралық конференцияға белсенді қатысты.

13-15 наурыз аралығында Әзірбайжан тілдер университетінде Эрджиес университетінің (Түркия) корейтану саласындағы Еуразиялық зерттеулер орталығы ұйымдастырған корейтану бойынша 3-ші халықаралық конференция өтті.  

Бұл халықаралық конференцияға Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Корея Республикасы, Өзбекстан және Ресей сияқты жеті елдің белгілі корейтанушы ғалымдары да, жас зерттеушілері де қатысты. Қазақстанның атынан Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Назарбаев Университетінің қатысушылары қатысты.

М. Әуезов мұрасы және қазіргі заманауи жастар әлемі

2023 жылы 15-наурызда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері  университетінің Қазақ филологиясы кафедрасы, Мемлекеттік тілді дамыту орталығы  және  М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясы  бірлесіп ұйымдастырған Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «М.Әуезов мұрасы және қазіргі заманауи жастар әлемі» атты спикерлер алаңы өтті.

"Кәсіпорын экономикасы" пәні бойынша өңірлік студенттік олимпиаданың қорытындысы

"Кәсіпорын экономикасы" пәні бойынша өңірлік студенттік пәндік олимпиадаға Қазақстанның түрлі қалаларынан 11 команда, 33 студент қатысты.

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2023 жылдың 10 наурызында сағат 10 - да "Құқықтану" білім беру бағдарламасы бойынша офлайн аймақтық олимпиаданы және "Халықаралық құқық" білім беру бағдарламасы бойынша онлайн

"Құқықтану" білім беру бағдарламасы бойынша 9 команда қатысты. Командалар Алматы қаласының барлық университеттерінен болды. Гран-приді Нархоз университетінің "Знатоки право" командасы жеңіп алды.

Авжанова Айназ-университеттің франкофония агенттігі (АUF) және Румыниядағы халықаралық Француз радиосы ұйымдастырған аударма байқауының стипендиаттарының бірі.

Университеттік Франкофония агенттігі (AUF) мен Румыниядағы Халықаралық француз радиосының ұйымдастыруымен аударма ісі бойынша қашықтықтан білім беру бағдарламасы аясында студенттер арасында 4 айлық грантқа байқау жарияланды. 21 жоғары оқу орнынан 43 қатысушының ішінде осы бағдарламаның стипендиаттарының бірі ретінде аударма және филология факультетінің роман бөлімінің ( француз тілі) 2 курс студенті Авжанова Айназ таңдалынды.

Халықаралық экономика және құқық факультеті студенттерінің академиялық ұтқырлығы!

✨Біздің университет үшін академиялық ұтқырлық - бакалаврларды даярлаудағы маңызды бағыттардың бірі. Біздің университет студенттер алатын тәжірибе мен практикалық дағдыларды кәсіби салада қолдана алатындай етіп әр серіктес университетті таңдауға өте мұқият қарайды!
📌UPVN Jacarta осындай жоғары оқу орындарының бірі болып табылады, онда қазір халықаралық экономика және құқық факультетінің студенттері орналасады.

«Жапон көктемі»

2023 ж. 1 наурызында Жапония мәдениетімен таныстыру мақсатында шығыс филологиясы кафедрасының және шығыстану кафедрасының жапон бөлімінің оқытушылары мен студенттері «Жапон көктемі» атты іс-шара өткізді. Осы іс-шара аясында қонақтар «Кимоно кию», «Кири», «Шай рәсімі» атты үш аралды аралай алды. «Кимоно кию» аралында студенттер Жапонияның дәстүрлі киімдерін кию процедурасын көре алды. Жапон бөлімінің оқытушылары тілек білдірген студенттерге кимоно кию жолын көрсетіп, осы киімнің маңыздылығын түсіндірді.

"Жаңа Қазақстан жастар саяси үздігі"

📌Астана қаласында ҚР Ақпарат және даму министрлігінің "BILIM ORKENIETI" ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған республикалық конференциясында 24.02.2023 ж. ШТПФ 1 курс студенті Іңкаш Назерке жеңімпаз атанып, "Жаңа Қазақстан Жастар саясатының үздігі"" белгісімен марапатталды!

Васеда (Жапония) университетінің делегациясы

📌24.02.2023 біздің университетке Васеда университетінің (Жапония) профессорлары мен студенттері келді. Делегация мәдени алмасу және университеттер арасында байланыс орнату үшін келді. Студенттер мен оқытушылар Жапонияның дәстүрлері мен мәдениеті туралы айтып іс-шаралар өткізеді, сондай-ақ ұлттық тағамдар дайындайды !

"Openness and the Internet: What is it and why we should care about it" қонақ дәрісі

23.02.2023 ж. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де "Журналистика" және "Қоғаммен байланыс" білім бағдарламасы магистранттары үшін «Openness and the Internet: What is it and why we should care about it» тақырыбында қонақ дәріс өтті. Спикер ретінде Ұлттық Ғылым академиясының Ұлттық зерттеу кеңесінің зерттеу деректері және ақпарат кеңесінің мүшесі Элиотт​ Максуэлл (АҚШ) мырза сөз сөйледі.
Максуэлл мырзаның тәжірибесі әрбір жас зерттеуші үшін маңызды және дәріс тақырыбын талқылауға барлық магистранттар белсенді қатысқанын атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Д. Смағұловтың қоңақ лекциясы

2023 жылдың 9-10 ақпанында Халықаралық қатынастар факультетте Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Смағұлов Ағыбай Дынкенұлының «Халықаралық қатынастар» және «Аймақтану» мамандығының студенттеріне қонақтық лекциясы өтті.

Абылай хан атындағы ҚазМУ және ӘТУ студенті «Қытай тілінің көпірі» халықаралық байқауының іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанды.

2023 жылдың 9 ақпанында  Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастары және Әлем Тілдері Университетінде студенттер арасында 22-ші жыл сайынғы "Қытай тілі көпірі" Дүниежүзілік байқауының іріктеу жарысы өтті. Бұл байқауды Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ-нің Конфуций институты мен шығыстану факултеті ұйымдастырды.

"Франчайзингтік брендтің сиқыры" тақырыбында қонақ дәріс өтті

📌8.02.2023 жылы Халықаралық экономика және құқық факультеті және менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеттерінің студенттері үшін "франчайзингтік брендтің сиқыры" тақырыбында қонақ дәріс өтті!
📌Еуразиялық франчайзинг қауымдастығының президенті Кисиков Бекнұр Сейтжанұлы спикер болды.

ҚазХҚжәнеӘТУ-дің Васеда (Жапония) университетімен мәдени-білім беру саласындағы ынтымақтастығы

Мәдени-білім беру саласындағы ынтымақтастық мақсатында 2023 жылдың 15-20 қаңтары аралығында шығыстану факультетінің студенттері Васеда Университетінде болып қайтты. Бұл іс-шара студенттердің 2021 жылдың қазан-қараша айлары аралығында Қазақстанның тәжірибесін пайдалана отырып, жапондық Минано ауылын қайта жаңғырту туралы онлайн форумға қатысуының арқасында мүмкін болды. Васеда Университетінің Sakura Science орталығының қаржыландыруы негізінде форумға қатысушылар арасында Жапонияға, нақтырақ айтқанда Минаноға толықтай тегін апталық сапарға іріктеу өткізілді. Нақты алғанда 14 қатысушыға арналған 10 орын тағайындалған. Іріктеу студенттердің жазған және оқыған сакубундарын (эссе) бағалау тұрғысында өткен болатын.

PhD докторанттарының жетекші шетел университеттерінде ғылыми тағылымдамадан өтуі

2022 жылдың желтоқсан айының соңында халықаралық қатынастар білім беру бағдарламасының 3 курс докторанттары Бұғытаева Самал мен Даулетова Гауһардың шетелдік ғылыми тағылымдамасы аяқталды. Тағылымдамадан өту мерзімі: 2022 жылдың 21 қарашасынан 22 желтоқсанға дейін. Шетелдік жетекші университеттердің немесе ғылыми орталықтардың бірінде ғылыми тағылымдамадан өту докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Самал Қуатқызы Джордж Вашингтон университетінде (GWU – George Washington University), Вашингтон, АҚШ және Гаухар Орынбасарқызы CEU San Pablo университетінде (Universidad CEU San Pablo), Мадрид, Испанияда тағылымдамадан өтті. Докторантура Шығыс елдерімен байланысты. Сонымен, Бугытаева Самал Қытай мен АҚШ-тың сыртқы саясатындағы Оңтүстік Кореяны трансформацияланатын халықаралық жүйе контекстінде зерттесе, Даулетова Гауһар халықаралық жобаларды мемлекетаралық ынтымақтастық пен өзара әрекеттесудің заманауи құралдары ретінде зерттейді.

Индонезиядағы UPNVJ университетпен онлайн ұтқырлықты дамыту

Міне, тура бір семестр бойы UPNVJ университетінің (Индонезия) студенттері Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ базасында онлайн дәрістер форматында халықаралық қатынастардың негіздері мен заманауи мәселелерін меңгеруде.

18 желтоқсан – Халықаралық араб тілі күні

18 желтоқсан – Халықаралық араб тілі күніне орай 2022 жылдың 12 желтоқсанында  Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің «Шетел филологиясы (шығыс тілдері)» және «Шығыстану» білім беру бағдарламалары бойынша білім алып жатқан араб тілін оқитын 2-4 курс студенттері мен оқытушылар Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде араб халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылған  іс-шараға қатысты.  Іс-шарада  Біріккен Араб Республикасы университетінің Халықаралық мәдени дипломатия институтының директоры, доктор Мухаммад Камал әл-Моаини, Мысыр Араб Республикасының уақфтар министрі Мухаммад Мухтар Джумга мен Мысыр жоғары оқу орнының жетекші ғалымдары мен ұстаздары, филологтар, тарихшылар, мәдениеттанушылар және бұқаралық ақпарат өкілдері болды.    

"Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері"қонақ дәрісі

5 желтоқсанда Халықаралық құқық кафедрасы «Менеджмент және халықаралық коммуникациялар» факультетінің студенттерімен «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері» тақырыбында конак дәрiciн өткізді.
Дәріс мақсаты: Студенттерге құқықтық тәрбие беруді жалғастыру, оларға тұрмыстық зорлық-зомбылық түсінігін, оның алдын алу мүмкіндіктерін, зорлық-зомбылық құрбанын қорғайтын заңдылықтарды жеткізу, бір-біріне деген жақсы қарым-қатынасқа, жанашырлыққа, ізгі ниет, төзімділікке тарбиелеу.

«ДЕМОНОПОЛЯЗАЦИЯЛАУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТУРИЗМ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАРДЫҢ ДАМУЫН ТРАНФОРМАЦИЯЛАУ»

Факультет ПОҚ-ы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді жүзеге асырады, оның нәтижесі олардың конференциядағы жарияланымдары мен баяндамалары болып табылады.

2022 жылғы 2 желтоқсанда Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінде «Демонополязациялау жағдайындағы туризм менеджменті және халықаралық коммуникациялардың дамуын транформациялау» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.