Ablaikhan University Академиялық адалдық лигасында

2026 жылы Ablaikhan University Академиялық адалдық лигасына қосылып, академиялық адалдықтың ортақ қағидаттарын ұстанатын және білім сапасын арттыруға ұмтылатын Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қауымдастығының мүшесі атанды.

Лигаға мүшелік – университеттің академиялық мәдениетін дамытудағы маңызды қадам. Ол білім беру, ғылыми-зерттеу және ұйымдастырушылық қызметте адалдық, жауапкершілік, ашықтық пен әділдік қағидаттарын жүйелі түрде енгізуді көздейді.

Университеттің міндеттемелері

Лигаға мүшелік аясында Ablaikhan University келесі міндеттемелерді қабылдайды:

  • білім алушылар, оқытушылар, зерттеушілер мен қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаттарын сақтау және ілгерілету;
  • оқу нәтижелерін бағалаудың объективтілігін, ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету;
  • плагиаттың, көшірудің, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың және академиялық адалдықты бұзудың өзге де түрлерінің алдын алу;
  • Лиганың стандарттары мен ұсынымдарына сәйкес ішкі нормативтік құжаттар мен рәсімдерді жетілдіру;
  • зерттеу этикасы, авторлықты дұрыс көрсету және зияткерлік меншікке құрметпен қарау мәдениетін дамыту;
  • білім беру және ғылыми қызметте жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды жауапкершілікпен пайдалану қағидаттарын қалыптастыру;
  • академиялық адалдықты бұзу жағдайларын қараудың түсінікті әрі ашық тетіктерін қамтамасыз ету;
  • студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында жүйелі профилактикалық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
  • Лиганың бастамаларына, мониторингтері мен іс-шараларына қатысу, сондай-ақ басқа білім беру ұйымдарымен тәжірибе және озық практикалар алмасу.

Біздің рөліміз

2026 жылы Академиялық адалдық лигасына қосылу Ablaikhan University үшін академиялық адалдық мәдениетін жүйелі дамытудың жаңа кезеңіне айналды.

Университет академиялық адалдықты тек белгіленген талаптарды сақтау ретінде ғана емес, сонымен қатар сапалы білімнің, оқу мен ғылыми зерттеу нәтижелеріне деген сенімнің және жоғары академиялық беделдің негізі ретінде қарастырады.

Ablaikhan University студенттердің өз бетінше жұмыс істеу мәдениеті мен жеке жауапкершілігін қалыптастыруға, оқытушылардың құзыреттерін арттыруға, бағалау тетіктерін жетілдіруге, академиялық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдаланудың этикалық қағидаттарын дамытуға ерекше көңіл бөледі.

Академиялық адалдық – бүкіл университет қауымдастығына ортақ жауапкершілік. Ablaikhan University-дің әрбір студенті, оқытушысы, зерттеушісі мен қызметкері ашық, әділ және жауапты академиялық ортаны қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Печать