Академиялық адалдық лигасы — академиялық адалдық мәдениетін дамыту және білім сапасын арттыру мақсатында құрылған Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірлестігі.
Лиганың негізгі миссиясы — академиялық адалдықтың он негізгі қағидатын енгізу және сақтау арқылы ашық әрі жауапты академиялық ортаны қалыптастыру.
Лига қызметінің негізгі бағыттарының бірі — академиялық адалдықтың бірыңғай стандарттарын әзірлеу және енгізу.
Лига Кеңесі студенттердің оқу нәтижелерін бағалауды, зерттеу нәтижелерін жариялауға ұсынылатын ғылыми журналдарды іріктеу критерийлерін, жоғары оқу орындарына мониторинг және скрининг жүргізу рәсімдерін, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясы аясында оқу үдерісін ұйымдастыруды реттейтін стандарттарды әзірледі.
Академиялық адалдық лигасының ресми сайты: