Ақпараттық хат

Ақпараттық хат

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 2015 жылы 11 қарашада «Шеттілдік кәсіптік білім берудегі біліктілікті үлгілеу» атты III халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның мақсаты: Теориялық-әдіснамалық ғылыми-инновациялық парадигма негізінде кәсіби шеттілдік білім беру мазмұнын үлгілеу біліктілігінің бағыттарын жүзеге асыру жолдарын анықтау.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

  • Шеттілдік білім берудегі мамандық концептісін жобалау.
  • Шеттілдік білім берудегі ақпараттық-инновациалық кәсіби салалық кешендер.
  • Когнитивті-лингвомәдени кешендер мәдениетаралық қатысымдағы субъектіні қалыптастырудың негізі.
  • Бейімдік мектептерде оқытудың біліктілік бағыты.
  • Шет тілін ерте жастан үйретудегі озық технологиялар.

Конференцияға қатысу түрі: тікелей, сырттай.

Өтініштер мен мақалаларды қабылдау мерзімі – 2015 жылдың 7 қарашасына дейін.

Жарияланым жарнасы – 3 500 теңге.

Жинақтың таратылуы қарастырылмаған (өздігінен алу).

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мақалалар, өтініштер және сканерленген төлем түбіртектері конференцияның жауапты хатшысы Шаймарданова З.Д. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық адресі бойынша жіберіледі.

Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сай келмейтін ғылыми мақалаларды қабылдамауға құқығы бар.

Материалдар жинағының шығарылуы конференцияның басталуына дейін жоспарлануда.

Анықтама телефоны: 87272 92 43 87

Толығырақ

Печать