2026 жылғы 10–11 қарашада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кореятану бойынша XVI Орталық Азия олимпиадасы және ТМД елдерінің жас кореятанушы зерттеушілерінің XI конференциясы өтеді.
2026 жылғы 10–11 қарашада Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде кореятану бойынша XVI Орталық Азия олимпиадасы және ТМД елдерінің жас кореятанушы зерттеушілерінің XI конференциясы өтеді.
Құрметті әріптестер!
Құрметті әріптестер!
2026 жылғы 12–13 қараша
Алматы қаласы, Қазақстан Республикасы
«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ «Жаһандық трансформациялар жағдайындағы тіл, білім беру және мәдениетаралық өзара іс-қимыл: жасанды интеллект және инновациялар» атты XIII халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Құрметті Ablai Khan University студенттері мен түлектері!
Жапонияның қайталанбас мәдениетімен жақынырақ танысып, оның бай дәстүрлері мен өнерінің ерекше атмосферасын сезінуге шақырамыз!
2026 жылғы 29 қазанда сағат 10:00–13:00 аралығында университетімізде белгілі шығыстанушы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аудармашылар пулының мүшесі Дәулет Айтмұхамедұлы Ибраевтың қатысуымен «Халықаралық қатынастағы аударма ісі» тақырыбында қонақ дәріс өтеді.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Конфуций институты мен Шығыстану факультеті Шығыс тілдер аударма кафедрасы бірлесіп, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында қытай тілі оқу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан, сондай-ақ алмасу бағдарламасы аясында қазақ және орыс тілдерін меңгеріп жүрген қытай студенттері арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ, орыс және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» атты байқау өткізеді.
2026 жылғы 26–30 қазан аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және жастар арасында конституциялық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Менің Конституциям» атты университетішілік қысқаметражды бейнероликтер (Reels) байқауы өтеді.