Бағдарламалар

Жыл сайын шетел жоғарғы оқу орындарына «Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері есебінен 300-ден аса адам жіберіледі. Студенттермен алмасу бағдарламасы әсіресе Еуропа және Азия елдерімен қарқынды жузеге асырылуда.

Студенттік ұтқырлық келесі бағыттарда орындалуда:

  • Қос дипломдық бағдарламалар;
  • Бір семестрге немесе бір оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық;
  • Жазғы демалыс кезінде жазғы курстарда оқуды қамтитын Жазғы мектептер.

Шетелдік студенттер «Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті» АҚ-ға тұрақты негізде, енгізілген оқыту шеңберінде, сондай-ақ Жазғы Мектепте қазақ және орыс тілдерін үйрене отырып.оқи алады.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің шетелдік ғалымдарды тарту бағдарламасы шеңберінде Университет басқа елдерден профессорларды дәрістер оқуға және докторлық әрі магистрлік диссертациялар бойынша ғылыми консультациялар өткізуге шақырады.

Печать E-mail

универсиада замена