Академиялық саясат

Академиялық саясат 1 тарау

Академическая Политика Раздел 2 (ФПО)

Академиялық адалдықты сақтау ережелері

Кәсіби білім берудің қазіргі таңдағы басты ерекшелігі – болашақ маманның шығармашылық әлеуетін жан-жақты ашу қажеттілігіне әлеуметтік өмірдің өзіне қойылатын талаптардың, сонымен қатар, мақсаттын жүзеге асыру жолындағы әлеуметтік және нақты мәселелерді шешудегі жауапкершіліктің артуы.

Білім беру саласындағы интеграциялық үдерістердің дамуы ішкі және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау сапасына жаңа талаптар қояды. Осының нәтижесінде жоғары оқу орнында оқудың сапалық сипаттамасы, игерілген құзыреттердің өзектілігі, басқаша айтқанда, түлектің бәсекеге қабілеттілігі алдыңғы орынға шығады.

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ – көпсалалы оқу орны ретінде Қазақстандық жоғары оқу орындарында мойындалған, шет тілдері мен халықаралық гуманитарлық кадрларды дайындауға маманданған, жетпіс жылдық тарихы бар және сол тарихын өз түлектеріне жеткізіп, сабақтастық жолын жалғаған білім ордасы. Сондықтан университет ғылым мен білімнің, мәдениеттің және мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірінің дамуына лайықты үлес қосқан ғалымдарын, оқытушыларын және студенттерін мақтан етеді.

Бүгінде университетте 5500 мыңға жуық адам білім алуда. Студенттердің білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар деңгейін жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрам қамтамасыз етеді. Оның ішінде 8 академик, 59 ғылым докторы, сонымен қатар,  9 PhD докторы, 159 ғылым кандидаттары бар.

Университетте жоғары кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау мазмұны мен оқу мерзімі бойынша әртүрлі білім беру және кәсіптік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады:

  • Бакалавриатта жүзеге асырылатын жоғары базалық білім
  • Магистратурада жүзеге асырылатын жоғары ғылыми-педагогикалық білім
  • Жоғары арнаулы білім

Университетте 7 факультет бар:

  • Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті
  • Шетел тілдерінің педагогикалық факультеті
  • Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті
  • Аударма және филология факультеті
  • Шығыстану факультеті

Жоғары кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұны мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарымен белгіленеді және ЖОО әзірлеген оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.

Соған орай, оқу жоспарларында студенттердің кәсіби өсуін, олардың шығармашылық белсенділігін арттыру мақсатында ынталандыратын факторлардың бірі ретінде өзіндік жұмыс айтарлықтай маңызды рөлге ие. Сонымен қатар, оқытудың барлық бағыттары мен мамандықтары бойынша оқу жоспарлары аудиториялық сабақтардың міндетті санын алдын ала қарастырады.

Ал пәндік оқу бағдарламасына сай оқу жоспарлары мен қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттер толықтай қамтамасыз етілген. Оқу-тәрбие процесін оқу-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету үшін оқулықтар, әдістемелік кешендер, оқу-әдістемелік әзірлемелер – студенттердің өз бетінше жемісті іс-әрекеті үшін барынша қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Оқу процесінде оқытудың озық формалары мен заманауи технологиялары сынақтан өткізіліп, оның сапасы мен тиімділігіне әсер етеді. Атап айтқанда, ақпараттық технологиялар, соның ішінде, қашықтықтан оқыту технологиялары, белсенді оқыту әдістері, балдық-рейтингтік қарқынды модульді оқыту технологиясы, тест әдістері мен мамандарды даярлау сапасын бағалау құралдары.

Оқу процесі қажетті материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Компьютерлік паркте – 705 компьютер, 8 сервер бар. Бірыңғай ақпараттық интранет, оқу ғимараттарындағы ашық терминалдар жүйесі, бірыңғай электронды кітапхана жүйесі де жұмыс жасайды. Оқу үрдісін сүйемелдейтін қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған лингафондық зертханалар, компьютерлік сыныптар, аудиториялар, акт және мәжіліс залдарының болуы студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыруға оң ықпал етеді.

Спорт әуесқойлары үшін 7 залды қамтитын спорт кешені бар. 15 спорттық секция оқу процесін барынша қызықты етеді.

Университет студенттерге сапалы білім алу үшін ғана емес, сонымен қатар, студенттердің кәсіби және мәдени-адамгершілік өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері мен болашағына саналы жауапты көзқарасын дамыту үшін барлық жағдайды жасаған.

 

Печать E-mail

универсиада замена