Қауымдастық жайлы

Түлектер Қауымдастығының мақсаты Абылайхан атындағы Қазақ ХҚжәнеӘТ университетінің  жаңа формация мамандарын дайындауына және университет пен оның түлектері арасында өзара ұтымды қарым-қатынас орнату жолында әрекеттесуге саяды. ҚазҰУ түлектері Қауымдастығы әр түрлі іс-шаралар, үздіксіз білім алу, on-line (желілік қолма-қол) қызмет көрсетулері, сондай-ақ университет түлектері үшін қарастырылған арнайы шаралар кешені арқылы түлектердің университетпен және оның басқа түлектерімен байланысын үзбей жалғастырып отыруға қолдау көрсетуді көздейді.

Түлектер қауымдастығының миссиясы  Барша Қазақ ХҚжәнеӘТ түлектер  буынының ынтымақтастығын күшейту және түлектер бірлігі, олардың  өзін өзі танытуы мен әлеуметтік дамуына ықпал ету.

Түлектер  қауымдастығының негізгі міндеттері

  • Ассоциация мүшелерінің шығармашылық және ғылыми әлеуетін жүзеге асыру, кәсіби біліктілігін нығайту, тәжірибе алмасу мақсатында Университет түлектері бірлестігіне арналған қолайлы жағдай жасау;
  • Университет түлектерінің және ассоцияцияның басқа да мүшелерінің консультациялық–кеңестік іс–шаралары мен жиналыстарын, Ассоциацияның өзге ұйымдармен білім беру бағытындағы ынтымақтастығын күшейтуге ықпал ету;
  • Түлектердің ұжымдық мәдениетін қалыптастыру. Ол үшін, басқа аймақтарда, шетелдерде қауымдастық бөлімшелерін құру жұмысын жалғастыру қажет.  Сонымен қатар, жыл сайын, мамыр айының соңғы сенбісінде  жалпы университеттік Түлектер күнін атап өту керек.
  • Түлектердің университетке имидждік қолдау көрсетуі. Яғни, ашық ақпарат қорларынан, түлектердің жаңа лауазымдары туралы университет өзгелерді хабардар етіп отырады. Сонымен қатар, университет түлектері - бизнес өкілдері, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, биліктегі өкілдер туралы ақпарат жиналатын болады.
  • Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру. Түлектердің көпшілігі, мастер-класстар мен дәрістерді жоғары дәрежеде өткізеді. Өз кәсіби құпияларымен студенттермен бөліседі. 
  • Оқу үдерісінің заманауи нарық тәртібіне сай бейімделуі шеңберінде, жұмыс берушілермен өзара әрекеттестікті нығайту.

Печать E-mail

универсиада замена