Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу

«Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университет» АҚ жанындағы әскери кафедра Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне запастағы офицерлерді даярлау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 тамызда № 1109 бұйрығымен құрылған.

Азаматтарды запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау өтеусіз (мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша) және өтеулі негізде, запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша - тек өтеулі негізде жүргізіледі.

Әскери даярлық мерзімі:

1) запастағы офицерлерді әскери даярлау бағдарламасы бойынша - 2 жыл 5 ай;

2) запастағы сержанттарды әскери даярлау бағдарламасы бойынша - 1 жыл 5 ай.

Мерзiмдi қызметтi өткерген студенттер әскери даярлыққа медициналық куәландырудан өткеннен кейiн конкурстан тыс өтеусiз (мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша) негiзде жiберiледi.

Әскери даярлық «әскери күн» әдісімен ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

Әскери кафедрада оқу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген студент оқуға түсу (қабылдау) жылының 1 ақпанынан бастап «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңба немесе куәландырылған бір реттік парольмен www.egov.kz өтініш бере алады. Немесе студент әскери кафедраға келіп өтініш береді.

Өтінішті қабылдау түскен (қабылданған) жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылады.

ӘК-да оқу үшін студенттерді іріктеу үдерісі төрт кезеңде жүзеге асырылады:

бірінші кезең - медициналық куәландырудан өту;

екінші кезең - кәсіби-психологиялық тестілеуден өту;

үшінші кезең - дене дайындығын тексеру;

төртінші кезең - рейтингтік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын бiтiрген және қорытынды емтихандарды тапсырған студенттер ЖКББҰ бiтiргеннен кейiн «запастағы лейтенант» әскери атағын беруге ұсынылады.

Запастағы сержанттар бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын бiтiрген және қорытынды емтихандарды тапсырған студенттер «запастағы сержант» әскери атағын беруге ұсынылады.

 

Печать E-mail

универсиада замена