Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ халықаралық ынтымақтастығына айрықша көңіл бөлінеді. Халықаралық істер жөніндегі басқарма негізгі үш бөлімнен тұрады: Халықаралық байланыс жөніндегі бөлім, Академиялық ұтқырлық бөлімі, Шетел студенттері жөніндегі бөлім. Университеттің барлық халықаралық істері осы үш негізгі бөлімде атқарылады.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы: Әбдіғаппар Таңшолпан Ерболқызы
Халықаралық жобалар және рейтинг бөлімінің бастығы Ербосынов Темирлан Абзалұлы
Шетел студенттері жөніндегі жетекші маман Жумабеков Жалгас Жанхашевич
Адрес: 219 кабинет, Муратбаева көшесі 200, Алматы қ.
Тел: +7 727 260 1244
Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Университеттің халықаралық қатынастағы негізгі жұмысы төмендегілерді қамтамасыз етуге бағытталған:
- Білім беру бағдарламаларын халықаралық стандартизациялау және аккредитациялау
- Ғылыми-педагогикалық мамандарды бірлесе дайындау, халықаралық ғылыми-зерттеу ынтымақтастығы
- Дүниежүзілік қауымдастықта университеттің беделділігін және қызметін күшейту, халықаралық-ассоциациялық байланыстарды дамыту және ұлғайту
- Қос дипломды халықаралық-танылған білім бағдарламасын дамыту
- Әрі қарай академиялық ұтқырлықты, халықаралық жобаларды алмасу бағдарламаларын және т.б., дамыту