2026 жылғы 30 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Алматы қаласының студенттік омбудсмені Аманжол Азаматұлымен кездесу өтті. Іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және қоғамдық өмірге белсенді қатысуын ынталандыруға бағытталған «Әділетті қоғам құр» ауқымды республикалық жастар жобасы аясында ұйымдастырылды.
Окт 30, 2026
2026 жылғы 29 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану факультетінде «Шығыстанушы маман: тілден дипломатияға дейін» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Окт 29, 2026
29 қазанда Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Халықаралық коммуникациялар кафедрасында «Журналистика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған практикалық шеберлік сыныптары өтті. Кездесу «Медиасауаттылық — ақпарат дәуіріндегі ең маңызды дағды» және «Жасанды интеллект дәуіріндегі медиасауаттылық: көргенімізге сенуге бола ма?» деген екі негізгі тақырыпты біріктірді.
Окт 29, 2026
27 қазанда сағат 10:30-да Алматы қаласында «Бейбітшілік көпірі» бейнероликтер байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға байқау жеңімпаздары, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері және шақырылған қонақтар қатысты.
Окт 27, 2026
2026 жылғы 24–25 қазанда Ablaikhan University қабырғасында тартысты зияткерлік сайыс өтті! «Lex & Debate: Конституция дәлелдер тоғысында» атты қалалық пікірсайыс турнирі Алматы қаласының жоғары оқу орындары, колледждері мен мектептерінен 84 қатысушының басын қосты.
Окт 25, 2026
Жапонияның қайталанбас мәдениетімен жақынырақ танысып, оның бай дәстүрлері мен өнерінің ерекше атмосферасын сезінуге шақырамыз!
Окт 30, 2026
2026 жылғы 29 қазанда сағат 10:00–13:00 аралығында университетімізде белгілі шығыстанушы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аудармашылар пулының мүшесі Дәулет Айтмұхамедұлы Ибраевтың қатысуымен «Халықаралық қатынастағы аударма ісі» тақырыбында қонақ дәріс өтеді.
Окт 28, 2026
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Конфуций институты мен Шығыстану факультеті Шығыс тілдер аударма кафедрасы бірлесіп, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында қытай тілі оқу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан, сондай-ақ алмасу бағдарламасы аясында қазақ және орыс тілдерін меңгеріп жүрген қытай студенттері арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ, орыс және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» атты байқау өткізеді.
Окт 28, 2026
2026 жылғы 26–30 қазан аралығында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде студенттердің құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және жастар арасында конституциялық құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Менің Конституциям» атты университетішілік қысқаметражды бейнероликтер (Reels) байқауы өтеді.
Окт 25, 2026
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті «Германистика мен лингводидактиканың өзекті мәселелері: профессор Н. А. Сәрсембаеваның ғылыми мұрасы» атты халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырады.
Сен 03, 2026
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті Чжэцзян университетімен бірлесіп ғалымдарды, оқытушыларды, зерттеушілерді, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерін және сарапшылар қауымдастығын «Қытай – Орталық Азия: Цифрлық Жібек жолы, білім және инновациялар» BRI-2026 Халықаралық форумына қатысуға шақырады.
Июнь 08, 2026
2026 жылғы 14-15 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті ҚР Ғылым қызметкерлері күніне арналған "Ұрпақтар диалогы және жаңа бағдарлар" атты жас ғалымдар мен мамандардың XII Республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Март 03, 2026
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен бірлесіп, түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше мемлекеттердің Орталық сайлау органдарының консультативтік платформасының қамқорлығымен "Түркі әлемі: сайлау жүйелерін дамытудың дәстүрлері, практикасы және перспективалары" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылады. Конференция 2025 жылдың 14 мамырында Түкістан қаласы, Х.А. Ясави атындағы Халықаралық Қазақ - Түрік университетінің базасында өтеді.
Март 28, 2025