Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті сайтына қош келдіңіздер!
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің қалыптасуы мен даму тарихы елдегі шеттілдік білім берудің дамуымен тығыз байланысты. Өткен ғасырдың 40-жылдарында мәдениетаралық қатысымды жүзеге асыруға қабілетті білікті мамандарға деген сұраныс пайда болды.
ЖОО-ның тарихи қалыптасуы кеңес дәуіріне тұспа-тұс келді, ал Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылдың 23 тамызындағы №1099 Жарлығымен университет мәртебесін алғаннан бастап, оның дамуындағы жаңа кезең басталды.
Бүгінде Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ – Қазақстан жоғары мектебінің көшбасшыларының бірі, әлемнің 11 тілінде кәсіби оқытуды жүзеге асыратын гуманитарлық шеттілдік және халықаралық бейін кадрларын дайындауға маманданған, көп бейінді ғылыми білім беретін танымал мекеме.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті мемлекетіміздің ғылымы мен білім беру ісін, мәдениеті мен қоғамдық-саяси өмірін дамытуға қомақты үлес қосқан ғалымдардың, оқытушылар мен студенттердің бірнеше ұрпағымен мақтана алады.
Бүгінгі Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті – қазақстандық бірегейлікті алдыңғы қатарлы халықаралық ғылыми білім беру үлгісімен үйлестіре алатын, кәсіби дайындық сапасы әлеуметтік бейімделген адаптивті түрдегі инновациялық университет .
Университет дамуының заманауи тұжырымдамасының негізін еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар дайындау, қолданыста барды енгізу және оқыту ісі мен ғылыми жұмыстарға арналған жаңа ақпараттық-қатысымдық технологиялар әзірлеу, ғылыми-білім беру қызметін тұрақты жаңғырту және еуропалық білім беру, ғылыми және ақпараттық кеңістікке әрі қарай ықпалдасуды құрайды.
Университет еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының біріне, қазақстандық, ресейлік және халықаралық жетекші университеттермен терезесі тең құрметті әріптесіне айналды.
Біз қазір өз дамуымыздың едәуір қиын әрі қызық кезеңдерін бастан кешудеміз: біздің алдымызда жаңа мақсаттар мен жаңа асулар тұр, олар алға жылжуға және дамуға, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «2050 стратегиясы» Жолдауында көрсетілген кедергілерді жоюға бағытталған.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің барлық ұжымына, студенттерге, қонақтарға өзімнің шынайы құрметім мен алғысымды білдіргім келеді.
Талапкерлерге болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауда қателеспеуін, студенттер, магистранттар, докторанттарға – табысты оқу, ал әріптестеріме – еліміздің ғылымын өркендету жолында жемісті еңбек етуін тілеймін.