Біздің университет

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ – шет тілдік білім берудің көшбасшысы

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қалыптасу және мен даму тарихы елдегі шет тілдік білім берудің дамуымен тығыз байланысты, өйткені оның қалыптасуы кеңестік кезеңде 1941 жылдан басталды, ал университет мәртебесін алғалы бері оның дамуының жаңа кезеңі басталды. ҚазХҚ және ӘТУ-де көптеген гуманитарлық шет тілдік және халықаралық бейін салаларында сұранысқа ие біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін барлық жағдай жасалған.

Ablai Khan University дамуының басты ұстанымы – өткеннің өшпес педагогикалық дәстүрлеріне сүйене отырып, барлық озық және заманауи технологияларды қабылдау. Осы қағиданы ұстана отырып, Ablai Khan University кадрларды даярлау көрсеткіштері бойынша Қазақстанның жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтингісінде жоғары орындарға қол жеткізуде. Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті әлемнің 9 тілінде кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын көпсалалы ғылыми-білім беру мекемесі бола тұрып, қазақстандық жоғары мектепте өзінің көшбасшылық орнын сақтап, топ-10-ға кіреді. Білімнің қарқынды өсіп келе жатқан рөлі ұлттық бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырудағы стратегиялық ресурс болғандықтан, бұл рейтинг университетке үлкен жауапкершілік жүктейді.

Бүгінде университетте 5 базалық факультет бар:

  • Шет тілдері педагогикалық факультеті
  • Аударма және филология факультеті
  • Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті
  • Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті
  • Шығыстану факультеті

Оқу орны қызметінің басты көрсеткіштері – университетті бітірушілерге деген сұраныстың болуы. Университет түлектері бәсекеге қабілетті және олардың білім сапасын жоғары бағалап отырған жұмыс берушілердің сұранысына ие болуы жоғары білікті профессорлар мен оқытушылар ұжымы, білім беру бағдарламаларының заманауи мазмұны, материалдық-техникалық базасы мен ойластырылған оқу үдерісін ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіліп отыр. Біздің бітірушілеріміздің 85%-дан астамы ЖОО бітірген жылдың өзінде-ақ жұмысқа орналасуы - олардың еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болуының дәлелі.

Қарқынды дамып келе жатқан, инновацияға бағытталған Ablai Khan University Қазақстан Республикасының білім кеңістігінде ерекше орын алады. Бұл білім беру үдерісінің сапасын білім беру бағдарламаларының пәндік алуандығымен шебер үйлестіре отырып, үздік қазақстандық және халықаралық білім беру дәстүрлері мен тәжірибесін жинақтайтын мамандандырылған университет. Университет халықаралық академиялық кеңістікке қатысып, шетелдік серіктестермен бірқатар сыртқы байланыстар мен ғылыми жобаларды жүзеге асырады.

Білім беру процесінің жоғары сапасы 14 халықаралық ұйымның, соның ішінде Университеттердің Халықаралық ассоциациясы (ЮНЕСКО), Eurasia-Pacific United, Туризм бойынша үш Халықаралық ассоциацияның (ATLAS, AMFORTH, EURHODIP), франкофондық университеттердің Халықаралық ассоциациялары (AUF), Жоғары мектеп ғылымдары халықаралық академиясы, Халықаралық қатынастар мектептері (МГИМО) ОӘБ ассоциациясы, ММЛУ ассоциациясы, Еуропалық тілдік кеңесінің (ELC) ассоциациясы, ШЫҰ-ына мүше елдердің гуманитарлық университеттері консорциумының, ЕврАзЭС-ке мүше елдердің лингвистикалық университеттері консорциумының, Бельгия EUPRERA (The European Public Relations Education and Research Association) ассоциациясының, The European Association for International Education (EAITE) ассоциациясының мойындалуымен расталады.

Университеттің жан-жақты жаңаруы мен қарқынды дамуы туралы айтқанда, соңғы жылдары ЖОО-ның материалдық базасының толық мәндегі жетілдірілуі мен жаңғыртылуы туралы айтпауға бомайды. Орталық Азия аймағында шет тілдік білім беруді жүзеге асырып отырған ҚазХҚ және ӘТУ-ді дамытудың болашақ жоспарын әрі қарай дамытуға байланысты оқу ғимараттарымен қоса, спорт кешені ғимараты да жаңа заманауи бейнеге ие болып, толық қайта жөндеуден өткізілді.

Университет жарғысы

Печать E-mail

универсиада замена