Жиі қойылатын сұрақтар

 

Ақылы бөлімде оқып жүріп грантқа ауысуға бола ма?

Ақылы бөлімнен мемлекеттік грантқа ауысу Бос орындар болған жағдайда мүмкін болады. Білім беру бағдарламалары бойынша босаған гранттар туралы ақпарат университеттің білім беру порталында және әлеуметтік желілерде жарияланады. Ақпарат жарияланғаннан кейін ғана студент босаған грант конкурсына қатысуға құжаттар тапсырады.

Бір мамандық бойынша грантта оқимын, грантты сақтай отырып, басқа мамандыққа ауыса аламын ба?

Егер сіздің грантыңыз бір білім беру бағдарламасы аясында болса грантыңызды сақтай отырып ауыса аласыз. Ал егер әртүрлі білім беру бағдарламаларының мамандықтары болса грантыңыз сақталмайды.

Педагогикалық емес, басқа мамандыққа құжат тапсырып жатырмын. Кейін педагогикалық мамандыққа ауыса аламын ба?

Біздің университетте ондай мүмкіндік жоқ. Университеттің ішкі тәртібі бойынша біз педагогикалық емес мамандықтарды ауыстырмаймыз.

Сіздерде академиялық ұтқырлық бар ма?

Ия бар. Ақпаратты университеттің ресми сайтынан көре аласыз немесе порталда жарияланады. Академиляқ ұтқырлыққа 2-курстан кейін қорытынды сессия нәтижелеріне байланысты іріктеу жасалады.

Сіздерде ішкі гранттар бар ма?

Жоқ

Жатақхана

Алматы қаласынан емес, басқа аймақтардан келген студенттерге жатақхана қарастырылған.Жылдық төлем өткен жылы 100 000 теңгені құрады. Биылғы жылы бағаның өсуі мүмкін. Жатақханада әр қабатта тамақ дайындауға арналған ортақ асбөлмесі, компьютерлермен жабдықталған оқу залы бар. 4 студентке бір бөлме беріледі. Жатақханадан орын алу үшін қажетті құжаттарды www.ablaikhan.kz сайтынан қарауға болады. Жатақханаға қатысты сұрақтар бойынша оқуға түскеннен кейін факультетіңіздің деканатына хабарласуыңыз қажет. Тіркелу 28 тамыздан бастап жүргізіледі.

Әскери кафердра

Бізде әскери кафедра бар. Студенттер гранттық немесе ақылы бөлімде оқып жатқанына қарамастан 1-курстан кейін бюджеттік орындарға тапсыра алады. Әскери кафедра өкілдері факультеттер үшін жиналыс өткізіп, онда құжаттарды тапсырудың барлық ережелері мен құжаттарды тапсыру мерзімдерін түсіндіреді.
Таңдау критерийлері:
• белгіленген мерзімге дейін құжаттарды жинау және тапсыру
• жоғары GPA
• жақсы денсаулық жағдайы (арнайы медициналық тексеруден өту)
• қажетті физикалық нормативтерден өту
Әскери кафедрада оқу мерзімі 2 жыл (2-3 курс). Университетті бітіргеннен кейін сіз әскери кафедраға дипломның көшірмесін беріп, әскери билет аласыз. Берілетін шен - лейтенант.
Конкурстық іріктеуге қатысып, өтпей қалғандар үшін ақылы бөлім қарастырылған - жылына 178 900 теңге.
Оқудың қысқартылған түрінде оқитын үміткерлер үшін іріктеу 1-курстың соңында жүргізіледі.

ТжКБ-дан кейін қысқартылған оқу форматындағы бөлімге түстім. Бірінші семестрден кейін бұл білім беру бағдарламасынан өзге басқа мамандыққа ауыса аламын ба?

Жоқ ауыса алмайсыз. Қысқартылған оқу форматында білім алу ТжКБ бойынша оқытуды жалғастырды білдіреді.

Педагогикалық сұхбаттасу дегеніміз не және оны кімдер тапсырады?

Педагогикалық сұхбаттасуды педагогикалық мамандыққа түсетін талапкерлер өтеді. Сіз оны Қазақстан Республикасының кез келген университетінде тапсыра аласыз және берілген анықтама барлық ЖОО үшін жарамды.

Басқа қалада болсам, шығармашылық емтиханға калай құжаттар тапсыра аламын?

Құжаттардың PDF форматын 7 шілдеге дейін - This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. поштасына жіберу қажет. Қосымша сұрақтар бойынша 87478121157 номеріне хабарласып ақпарат ала аласыздар. Шығармашылық емтихандар: 10 шілде күні (эссе) және 12 шілде (ауызша сұхбаттасу, портфолио) күндері өтеді. Бірақ емтиханға құжаттардың түпнұсқасын әкелу міндетті!

Екінші шет тілі ретінде қандай тілді таңдауға болады?

«Шет тілі мұғалімдерін дайындау» мамандығы бойынша: негізгі тіл - ағылшын, таңдау бойынша - француз, неміс және түрік тілдері.
«Аударма ісі» мамандығы бойынша: аударма ісі және шетел филологиясы. Негізгі тіл - ағылшын, таңдау бойынша - француз, неміс және испан тілдері.
Аударма ісі (француз): негізгі тіл - француз, таңдау бойынша - ағылшын тілі.
«Тюркология және шығыстану» мамандығы бойынша: шығыстану. Негізгі тіл - шығыс тілдерінің бірі (оқуға түскеннен кейін кафедра белгілейді.)
Аударма ісі (қытай): негізгі тіл - қытай, таңдау бойынша - ағылшын.
Аударма ісі (шығыс тілдері): негізгі тіл - кәріс, араб, түрік және жапон тілдері, таңдау бойынша ағылшын тілі.
Шетел филологиясы (қытай тілі): негізгі тіл - қытай, таңдау бойынша - ағылшын тілі.
Шетел филологиясы (шығыс тілдері): негізгі тіл - кәріс, түрік немесе араб тілі, таңдау бойынша - ағылшын тілі.
«Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша: негізгі тіл ағылшын, таңдау бойынша француз, неміс, кәріс және қытай тілдері.
«Журналистика», «туризм», «мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі», «менеджмент және маркетинг», «халықаралық бизнес», «халықаралық құқық», «құқықтану» мамандықтары бойынша: тек ағылшын тілі оқытылады.

Печать E-mail

универсиада замена