Мемлекеттік білім беру гранты барлық бакалавриат мамандықтары бойынша беріледі.
Мемлекеттік білім гранты - кәсіптік білім беру үшін республикалық бюджеттен қаражаттың мақсатты көлемі. Білім беру грантын тағайындау конкурсын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (БҒМ) білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген Комиссия жүзеге асырады.
Мемлекеттік білім беру гранттары мамандықтар бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (КТ) нәтижелері туралы сертификаттағы балдарға сәйкес білім беру нақты мамандықтар және тіл бөлімдері нысандары бойынша конкурстық негізде беріледі. Мемлекеттік білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін талапкерлер ЖОО-ның қабылдау комиссиясына 13 шілде мен 20 шілде аралығында өтініш пен құжаттарын тапсыру керек.
Шәкітрақы
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ жыл сайын шарттық түрінде оқитын студенттерге шәкіртақы бөлінді:
- Президенттің стипендиясы
Бұл шәкірақыны алуға студенттің академиялық көрсеткіштері мен әлеуетін ескере отырып, оқу үлгерімі (GPA 3,5-тен жоғары) болуы керек және ғылыми студенттік конференцияларға, қоғамдық іс-шараларға қатысу арқылы жүргізіледі. Шәкіртақы алу конкурсына қатысу үшін студент өз факультетінің деканатына қажетті құжаттарды тапсырады.
Конкурстың нәтижелері университеттің ресми сайтында және әлеуметтік желінің ресми парақшасында орналастырылады.
Жеңілдіктер:
Жетім балалар жатақханада тегін тұрады.Мүгедектігі бар балаларға (егер МӘС-ден үзінді анықтамасы болса) жатаханада тұру 50% жеңілдік. Сондай-ақ жетім балалар, мүгедектер мен диспансерлік есепте тұрған студенттер ай сайынғы тамақтануларына және қоғамдық көлікке төлемдермен қамтамасыз етіледі.