Аударма және филология факультеті «Аударма ісі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенті Ганиулы Жанрайым Румынияда Франкофон университеттері агенттігі (Agence Universitaire de la Francophonie) мен Радио Франс Интернасьональ (RFI) бірлесіп ұйымдастырған жобаның жеңімпазы атанды. Жоба AUF-ECO желісіне мүше Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында француз тілін меңгеріп жүрген студенттерге арналған.