11
ШЕТ ТІЛДЕРІ
7000
СТУДЕНТТЕР
90 000
ТҮЛЕКТЕР

Университет жаңалықтары

  • ҚазХҚжӘТУ студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған көрмеде

    24 сәуір күні Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Н.Т.Жанақованың басқаруымен Шығыстану факультетінің студенттері Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында өткізіліп жатқан ұлы ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған көрмемен танысты. Көрмеге қойылған ғалым өмірі мен қызметіне байланысты мұрағат, құжат, баспасөз, кітап материалдары туралы кітапхананың қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Ф.Бектұрбекова, кітапханашылар Р.Мыспаева, Қ.Алтынбекұлы жан-жақты әңгімелеп, экскурсия жүргізді. Одан кейін студенттер кітапхана музейін, Қытай, Иран, Корея, Ресей, Үндістан мәдени орталықтарын, басқа да салалық залдарды, сонымен бірге белгілі жазушылар Ә.Нұршайықов пен Г.Бельгердің кабинеттерін аралап көрді.

    Апр 25, 2024

  • «Есіңде болсын...» онлайн байқау

    Ғылыми-зерттеу жұмыстар бойынша жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында   келесі іс-шаралар жүргізілді:

    1 Теориялық және қолданбалы лингвистика кафедрасының оқытушылары Көкшетау қаласындағы  Ш.Уәлиханов атындағы университетінде  өткен Республикалық онлайн байқауға студенттерін дайындады.  «Есіңде болсын...» байқауы Қазақстанның белгілі аудармашысы, публицист, әдебиеттанушы және қоғам қайраткері Герольд Карлович Бельгердің туғанына 90 жыл толуына орай өткізілді.

    Апр 19, 2024

  • "SCIENCE, CREATIVE & ART FORUM-2024”

    2024 жылдың 18 сәуір күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында офлайн форматта өткен кезекті "SCIENCE, CREATIVE & ART FORUM-2024” атты 4 қалалық студенттер форумында Ғылыми жетекшілері, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі қауымдастырылған профессоры Изтаева Венера Амангельдиевна, Қазақстан тарихы кафедрасының магистранты, аға оқытушы Досжанова Ақмарал Ивановнаның жетекшілігімен 2 курс студенттері:

    Апр 18, 2024

  • Аударма және филология факультетінің оқытушысы Ш. О. Саймкулова АҚШ Мемлекеттік департаментінің "Study of the U. S. Institute (SUSI) for Scholars" бағдарламасының грант иегері

    Аударма және филология факультетінің аударма және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы меңгерушісі Саймкулова Шолпан Оразгелдіқызы АҚШ мемлекеттік департаментінің «Study of the U. S. Institute (SUSI) for Scholars» бағдарламасы бойынша грант иегері атанды. Аталмыш грант негізінде Саймкулова Ш.О. АҚШ-тың Монтана университетінде «Contemporary American Literature» бағыты бойынша 6 апталық тағылымдамадан өтеді және оған әлем бойынша 18 ғана үміткер таңдап алынады. «SUSI for Scholars» бағдарламасы шетелдік ғалымдар мен университет оқытушыларына АҚШ қоғамы, мәдениеті, құндылықтары мен институттары туралы түсініктерін тереңдетуге мүмкіндік бермек.

    Апр 17, 2024

  • «Алматы – ортақ үйіміз» Акциясы

    Ablai Khan University қызметкерлері Университет аумағында «Алматы – ортақ үйіміз» акциясын жалғастыруда.💚
    🌱Акция мақсаты – қалаға қамқорлық құндылықтарын қалыптастыру және азаматтардың экологиялық мәдениетін дамыту.

    Ал біз бұл челленджді жатақханада тұратын студенттерімізге жолдаймыз✨

    Апр 15, 2024

Хабарландырулар

Конференциялар

ҚазХҚжӘТУ университетінің 3D туры

универсиада замена