Қазақстан Республикасындағы шет тілдік және халықаралық білім берудің жетекші орталығы
Қазақстан Республикасындағы шет тілдік және халықаралық білім берудің жетекші орталығы
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті — Қазақстандағы шет тілдік, гуманитарлық және халықаралық білім беру саласындағы жетекші мамандандырылған жоғары оқу орны. 1941 жылы шет тілдер институты ретінде негізі қаланған университет ондаған жылдар бойы елдің зияткерлік және тілдік инфрақұрылымын қалыптастырып, академиялық сабақтастықты сақтай отырып, халықаралық кеңістіктегі беделін нығайтып келеді.
Бүгінде Университет гуманитарлық мектептің іргелі дәстүрлерін заманауи басқару тәсілдерімен ұштастырған тұрақты академиялық орталық ретінде дамуда. Оның бейіндік мамандануы шет тілдік білім беру, лингвистика, аударма ісі, халықаралық қатынастар, аймақтану, халықаралық коммуникациялар және гуманитарлық аналитика салаларындағы терең құзыреттерге негізделген. Дайындық әлемнің 10 шет тілі бойынша жүзеге асырылып, бірегей білім беру ортасын қалыптастырып, мәдениетаралық интеграцияның жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Университет құрылымына бес факультет кіреді:
- Шетел тілдері педагогикалық факультеті
- Аударма және филология факультеті
- Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті
- Халықаралық қатынастар, құқық және бизнес факультеті
- Шығыстану факультеті
Университет бакалавриаттан бастап PhD докторантураға дейінгі толық білім беру вертикалін жүзеге асырады. Білім беру бағдарламалары заманауи экономика мен халықаралық өзара іс-қимыл талаптарына сәйкес кәсіби, аналитикалық және цифрлық құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған. Университет түлектері білім беру жүйесінде, мемлекеттік басқару органдарында, халықаралық ұйымдарда, дипломатиялық құрылымдарда, бизнесте және сараптамалық орталықтарда табысты қызмет атқарады.
Халықаралық интеграция Университеттің институционалдық моделінің ажырамас бөлігі болып табылады. Университет QS World University Rankings және QS by Subject рейтингтерінде лингвистика және заманауи тілдер бағыты бойынша ұсынылған, академиялық ұтқырлық пен халықаралық жобаларға белсенді қатысады. Университет ЮНЕСКО Халықаралық университеттер қауымдастығы, Еуропалық тілдік кеңес (ELC), Франкофонды университеттердің халықаралық қауымдастығы (AUF), EAIE, EUPRERA, ШЫҰ және ЕЭҚ елдерінің университеттер консорциумдары, сондай-ақ туризм және халықаралық коммуникациялар саласындағы кәсіби бірлестіктер сияқты беделді халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады.
Білім беру және ғылыми қызметтің жоғары сапасы халықаралық марапаттармен және кәсіби мойындаулармен расталған. Олардың қатарында «Австриялық құрмет кресті», «Еуропалық сапа», «Академиялық пальма бұтағы», SIQS халықаралық сапа сертификаттары, Oxford Academic Union марапаттары, WORLDCOB BIZZ AWARDS және басқа да беделді марапаттары бар.
Университеттің ғылыми қызметі қуатты академиялық мектептерге негізделген. Бейіндік бағыттар бойынша PhD диссертациялық кеңестері жұмыс істейді, халықаралық зерттеу коллаборациялары мен қолданбалы гуманитарлық зерттеулер белсенді дамуда. Университет тіл саясаты, халықаралық қатынастар және мәдениетаралық өзара іс-қимыл салаларында сараптамалық алаң қызметін атқарады.
Университеттің материалдық-техникалық базасы Алматы қаласының орталығында орналасқан оқу корпустары мен жатақханаларды қамтиды. Ықшам әрі заманауи білім беру ортасы академиялық шоғырлануға, халықаралық коммуникацияға және ғылыми белсенділікті дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ — берік академиялық дәстүрге және болашаққа стратегиялық көзқарасқа ие университет. Ол жаһандану, цифрлық трансформация және күшейіп келе жатқан халықаралық ынтымақтастық жағдайында тиімді жұмыс істей алатын жаңа буын мамандарын даярлайды
.png)






















