2025 ж. 20 қараша айында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультетінде «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенттері мен Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектебі 11-сынып оқушылары арасында деңгейаралық пікірсайыс турнирі өтті. Іс-шара кафедра меңгерушісі Ракымжанова С.С., э.ғ.к., доцент Заманбекова А.Б., аға оқытушылар Бейсенова Г.К., Турдибакиева Р.А., Баймолданова Д.К., Қаламбаева Н.С., сондай-ақ А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектептің ағылшын тілі мұғалімдері Алиева Ф.М. мен Ванцетти Ж.А. жетекшілігімен ұйымдастырылып өткізілді. Бұл екі жақтың заманауи білім беру мәселелерін талқылауда жоғары оқу орны мен мектептің тәжірибесін ұштастыруына мүмкіндік берді.