28-29 қазан аралығында университетіміздің «Pantheon» пікірсайыс клубының координаторы, Аударма және филология факультетінің 3-ші курс студенті Эркулова Розгуль М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған Ректор кубогына арналған Республикалық пікірсайыс турниріне қатысты.
Финалда Розгуль іріктеу кезеңдерінің абсолютті нәтижесімен (3/3) аяқтап, 1-орынға ие болып, «Үздік спикер» номинациясының иегері атанды😍
Студентімізді шын жүректен құттықтап, табыс тілейміз💜 Біз сені мақтан тұтамыз!!!