Ғылыми кеңес

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС

"АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ" АҚ

Ғылыми Кеңес-университеттегі жалпы басқаруды жүзеге асыратын сайланбалы алқалы орган.

Ғылыми кеңесті Басқарма төрағасы-университет ректоры филология ғылымдарының докторы,  ҚР ҰҒА академигі Салима Сағиқызы Құнанбаева басқарады.

Ғылыми Кеңестің қызметі жариялылыққа, оның құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылауға негізделеді.

Ғылыми кеңестің өкілеттік мерзімі-3 жыл.

Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, жоғары оқу орнының ғылыми кеңесі қызметінің үлгілік ережелерін басшылыққа алады.

Ғылыми кеңестің құрамы Басқарма төрағасы – ректордың бұйрығымен бекітіледі.

Өз құзыреті шегінде Ғылыми кеңес келесідей функцияларды жүзеге асырады:

-  университеттің стратегиялық даму жоспарын іске асыруға байланысты мәселелерді қарау;

- профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамға ғылыми атақтар беру мәселелерін қарастыру;

- ғылыми, оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысы бойынша мәселелерді қарастыру және шешім қабылдау;

-  ішкі тәртіп ережелерін қарау және бекіту;

- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;

- университеттің әлеуметтік дамуының негізгі мәселелерін қарастыру және шешімін қабылдау;

- өткен оқу жылындағы университет қызметінің қорытындысын шығару;

- университеттің оқу, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысы туралы есептерді мерзімді қарастыру;

- университет басқармасының бекітуі үшін мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі  білім беру бағдарламаларын қарастыру;

- университет қызметімен байланысты және алқалық шешімді талап ететін басқа да мәселелерді қарастыру.

Ғылыми кеңестің отырыстары бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына бір рет өткізіледі. Қажет болған жағдайда Ғылыми кеңестің отырыстары жоспардан тыс өткізіледі.

Ғылыми кеңесте талқыланатын мәселелерді дайындауды ұйымдастыру, қабылданған шешімдердің орындалуын бақылау, тәжірибені қорыту және кеңес жұмысының нысандары мен әдістерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін Басқарма төрағасы - Ректордың бұйрығымен ғылыми кеңестің ғалым хатшысы тағайындалады.

Ғылыми кеңестің отырыстарына материалдарды уақтылы және сапалы дайындау және Ғылыми кеңестің ісқағаздарын жүргізу жауапкершілігі ғылыми хатшыға жүктеледі.

Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Ғылыми кеңесінің ғылым хатшысы - Жакьянова Айгерим Мухамедрахимовна

Телефон:+7 (727) 292-03-84 (вн.: 1087)

ПОЛОЖЕНИЕ ОБ УЧЕНОМ СОВЕТЕ

Состав Ученого совета КазУМОиМЯ имени Абылай хана на 2023-2024 учебный год

Печать E-mail

универсиада замена