Абылай хан атындағы ХҚжӘТУ плагиат және көшіруге «нөлдік төзімділік» принципін ұстанады. Университет студенттердің тың әрі жаңаша ойлау тәсілін қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Жоғары деңгейдегі маман болу – университет студенттерінің басты құндылығы!
Студенттердің барлық ғылыми жұмыстары, соның ішінде есептер, эсселер және дипломдық жобалар, плагиатты анықтау және алдын алу үшін «Антилплагиат ВУЗ» мамандандырылған жүйесімен міндетті түрде тексеріледі. Плагиаттық тексеруден өтпеген материал қорғауға жіберілмейді және міндетті түрде түзетуге қайтарылады.