Қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша мемлекеттік білім грантында оқитын студенттердің оқудан шығарылуына байланысты білім беру бағдарламалары бойынша орындар босатылды (2025-2026 ж.1-жартыжылдығы) .
Қысқы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша мемлекеттік білім грантында оқитын студенттердің оқудан шығарылуына байланысты білім беру бағдарламалары бойынша орындар босатылды (2025-2026 ж.1-жартыжылдығы) .
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Еуразияның жаңа энергетикалық картасын қалыптастырудың қазіргі заманғы мәселелерін, оның даму үрдістері мен перспективаларын пәнаралық контексте талқылау.
2025 жылдың 27 қарашасында, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті 041 – «Бизнес және басқару» мамандығы бойынша Қазақстанның ЖОО студенттері арасында «Бизнес-жоспарлау» пәнінен Өңірлік студенттік конкурс өткізеді.
13 команда қатысады, соның ішінде:
Конкурстың мақсаты:
Қазақстан Республикасы студент жастарының ғылыми-зерттеу және инновациялық әлеуетін дамыту.
Бұл конкурс кәсіпкерлік ойлауды қалыптастыруға, бизнес-бастамаларды қолдауға және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер ете алатын идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге бағытталған.
Қазылар алқасының құрамы (бизнес құрылымдардан):
- Astana Hub — Халықаралық IT-стартаптар технопаркі
- Almaty Hub — Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы жанындағы Аймақтық цифрлық технологиялар орталығы
- MOST Business Incubator — стартаптар мен жастар кәсіпкерлігін қолдайтын жеке ұйым
- BRICS Alliance — инвесторлар альянсының өкілі: Муктарқанов Тимур Гайллолаевич
- MEAS Group ЖШС — директор, бизнес-тренер, акселератор, фасилитатор: Евгения Шефер
Ұйымдастыру комитеті:
- ҒЗЖ, СҒЗЖ жетекшісі, халықаралық құқық және бизнес факультеті, э.ғ.к., PhD, профессор — Акпарова А.А.
- «Халықаралық бизнес трендтері» жобасының жетекшісі, э.ғ.к., PhD, профессор — Сариева Ж.И.
- «StartUp» зертханасының жетекшісі, э.ғ.к., PhD, қауымдастырылған профессор — Абинова А.Ю.
- «Бизнес-жоспарлау» пәнінің оқытушысы, сарапшы, тренер, э.ғ.м., аға оқытушы — Отынбай Е.Б.
Өткізу тілдері: қазақ тілі, орыс тілі
Формат: офлайн және онлайн
«Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ» АҚ түлектері мен студенттерін бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырамыз!
«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Алматы қаласының Прокуратурасы мен Алматы қалалық Еңбек мобильділігі орталығы бірлесіп Қалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді.
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу үшін серіктес университеттерге 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне құжаттар қабылдау ашылды.
«Қаржы орталығы» АҚ 2026 жылғы түлектерді мемлекеттік білім беру тапсырысы гранттарын өтеу мәселелеріне арналған ақпараттық кездесуге шақырады.
Кездесу барысында өтеу тәртібі мен негізгі талаптар түсіндіріліп, грант шарттарын орындау үшін түлектерге қажетті іс-қимылдар туралы ақпарат беріледі.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Конфуций институты мен Шығыстану факультеті Шығыс тілдер аударма кафедрасы бірлесіп, Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарында қытай тілі оқу бағдарламасы бойынша білім алып жатқан, сондай-ақ алмасу бағдарламасы аясында қазақ және орыс тілдерін меңгеріп жүрген қытай студенттері арасында «Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін қазақ, орыс және қытай тілдерінде мәнерлеп оқу» атты байқау өткізеді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы» РММ 2026 жылғы бітіруші курс студенттерін шекара қызметіндегі қауіпсіздік мәселелері мен жұмыс ерекшеліктеріне арналған ақпараттық кездесуге шақырады.
«Кока-Кола Алматы Боттлерс» Бірлескен кәсіпорны» ЖШС студенттерді ірі және халықаралық компанияларда сұхбаттан сәтті өту жөніндегі ұсыныстарды талқылайтын таныстырылым кездесуіне қатысуға шақырады.
Мамандардың кеңесін алып, өзекті сұрақтарыңызды қойып, сұхбаттасу дағдыларыңызды жетілдіруге мүмкіндік алыңыз!
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті "ЖОО - ның үздік оқытушысы-2025"атағын беруге конкурс жариялады.
Конкурс "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі.