Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2027 жылға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 13.10.2026–11.11.2026.
Жобаларды іске асырудың басталуы – 2027 жыл, іске асыру мерзімі – 36 ай.
Конкурстың мақсаты – жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу бастамаларын ынталандыру. Іргелі және қолданбалы зерттеулерге қолдау көрсетіледі.
Бір жобаны қаржыландыру: әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласында бүкіл іске асыру кезеңіне 75 млн теңгеден аспайды, оның ішінде жыл сайын 25 млн теңгеден аспайды.
Басым бағыт: Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует.
Өтінім беру сәтінде жетекшінің және зерттеу тобының барлық мүшелерінің жасы 44 жастан аспауы тиіс (44 жас қоса алғанда).
Қатысудың толық шарттарымен, талаптарымен және қажетті құжаттар тізбесімен конкурстық құжаттамадан танысуға болады.
https://www.gov.kz/org/science/press/news/details/1310429?lang=ru
Қосымша ақпарат алу үшін:
Жакьянова Айгерим Мухамедрахимовна — +7 707 720 11 85, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., № 1 оқу ғимараты, 112-кабинет.
Нұран Перизат Дулатханқызы — +7 776 200 14 25, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., бас оқу ғимараты, 418-кабинет.


.png)






















