Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. (КПО) компаниясы жоғары оқу орындары түлектерін «Аударма ісі», «Экономика мен қаржы» кәсібі (мамандығы) бойынша алғашқы кәсіби тәжірибесін алу мақсатында 12 айлық жастар практикасы бағдарламасына қатысуға Орал қаласына және БҚО Бөрлі ауданы, Ақсай қаласына шақырады.
Практика кезінде түлектер тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен компанияның бір бөлімінің жұмысына тартылады.
Бұл жастар практикасы жұмыссыз түлектерге:
- мамандығы бойынша алғашқы практикалық білім мен тәжірибе алуға;
- кәсіби ортаның қалай жұмыс жасайтынын түсінуге;
- ірі халықаралық компанияның корпоративтік мәдениетімен танысуға;
- өзін көрсетіп, кейінгі мансаптық өсу үшін қажет кәсіби және тұлғааралық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
Жастар практикасына жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін 3 жыл ішінде тіркелген жұмыссыздар, яғни 2023, 2024 және 2025 жылғы жұмыссыз түлектер қатыса алады.
Жастар практикасының ұзақтығы 12 айдан аспайды, ал айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем болмайды, оны Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Мансап орталықтарының» филиалдары төлейді.
Жолдама алу үшін тіркелген орныңыз бойынша (уақытша тіркелу жарамды) мансап орталығына жолығуды сұраймыз:
- практикадан Бөрлі ауданы Ақсай қаласында өту үшін «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Бөрлі ауданының мансап орталығы» филиалына, мекенжайы: БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы, Абай көш. 3/1.
- практикадан Орал қаласында өту үшін «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Орал қаласының мансап орталығы» филиалына, мекенжайы: БҚО Орал қ., Құрманғазы көш. 173.
КПО білімін тексеру және әңгімелесу нәтижелері бойынша үздік түлектерді іріктеп алуға құқылы.
Барлық сұрақтарыңыз бойынша «Бөрлі ауданы және Орал қ. мансап орталықтары» филиалдарына хабарласуды сұраймыз.