Команда құрамы кемінде 8 ойыншыдан тұрады
(кортта 4 +1 қақпашы және қосалқы ойыншы)
Өтінімдерді қабылдау және жеребе тарту шерудің ашылуынан кейін өтеді
Команда құрамы кемінде 8 ойыншыдан тұрады
(кортта 4 +1 қақпашы және қосалқы ойыншы)
Өтінімдерді қабылдау және жеребе тарту шерудің ашылуынан кейін өтеді
2024 жылдың 28 қарашасында Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде Ресейдегі және ТМД-дағы LG Electronics өкілдігінің басшысы ЁнгНам Ро мырзаның қонақ дәрісі өтеді. Дәріс тақырыбы: «Optimism & Inspiration as Business & Social Drive».
2024 жылдың 28 қарашасынан 3 желтоқсанына дейін Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде 6-ші Корейтану апталығы өткізіледі. Осы жылы іс-шараға 6 елден 130 адам, оның ішінде 18 университеттің студенттері мен оқытушылары, сондай-ақ Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ шығыстану факультетінің корей бөлімі студенттері қатысады деп жоспарлануда.
Құрметті ұстаздар мен студенттер! "Шетел филологиясы (түрік тілі)" БББ және "Екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау" БББ студенттері арасында түрік тілінің А2 деңгейі бойынша ұйымдастырылған "Biz Türkçe öğreniyoruz" атты білім сайысын тамашалауға шақырамыз!
28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған «Қазақстан тәуелсіздігі философиясы» атты барлық факультеттердің 2 курс студенттері арасында университет ішілік бейнероликтер байқауы өтеді. Іс-шараны ұйымдастырушы Қазақстан тарихы кафедрасы
Хей, студент👋🏻
Жүргізуші, ұйымдастырушы, көшбасшы ретінде өз талантыңдя көрсетуге мүмкіндік бола алатын «Жүргізуші-2024» байқауын жариялаймыз! Біз жүргізушінің таланты жай ғана рөл емес, айналасына сыйлай алатын бүкіл атмосфера екеніне сенімдіміз!
2024 жылдың 31 қазанында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ Корейтану орталығы корей жазуының 578 жылдығын және Korea Corner-дың салтанатты ашылуын атап өтеді.
2024 жылдың 21 қазанында корей бөлімінің студенттеріне арналған Корея Республикасы Хангук университетінің профессоры Ким Санчолдың арнайы дәрісі өтеді.
🔹 Дәріс тақырыбы: " Мультимедиа дәуіріндегі Орталық Азиядағы корейтануды зерттеудің жағдайы мен әдістемесі".
🔹Уақыты: 12.00 - 13.00
🔹 Өтетін орны: 108 ауд., 1 оқу
🔹 Қатысушылар: Шығыстану факультетінің корей бөлімі студенттері
Дәріс корей тілінде болады.
Мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор немесе магистр дәрежесі бар мемлекеттік қызметшілердің үлесін ұлғайту жоспарлануда.
Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті "ЖОО - ның үздік оқытушысы-2024"атағын беруге конкурс жариялады.
Конкурс "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа жоғары оқу орнының штаттық оқытушысы болып табылатын, құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар және соңғы он жыл ішінде Конкурс жеңімпазы атанбаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурс жыл сайын екі кезеңде – ЖОО ішілік және республикалық кезеңдерде өткізіледі.
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Конкурстың бірінші ЖОО ішілік кезеңі -2024 жылғы 11 қазаннан 10 қарашаға дейін өткізіледі.
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс: Умирзакова Гульзира Абдрахмановна, Тел.7(727)2920384, ішкі. 2418; umirzakova.g@ablaikhan.kz.
Конференцияның мақсаты: Ғылым мен білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, жаһандық өзгерістер жағдайында жоғары білім сапасын қамтамасыз ету.
Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:
ХҒПК жұмысына қатысу үшін ЖОО мен колледж оқытушылары, ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, докторанттар, магистранттар, студенттер мен мүдделі тұлғалар қатыса алады.
Конференцияға қатысу формасы: күндізгі, сырттай.
Өтінімдер мен мақалаларды ұсыну мерзімі – 2024 жылдың 10 қарашасына дейін (UTC+6 бойынша 23: 50).
Мақала конференцияның жауапты хатшысы - Түсіпова Әлияның электрондық мекенжайына жіберілу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Тел.+ 8 7272 92 03 84 (ішкі.2418).
Жариялау құны - 3 500 теңге.
Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Материалдар авторлық басылымда жарияланады және түзетуге жатпайды.
Ұсынылған материалдардың дұрыстығына авторлар жауапты болады.
Конференция қорытындысы бойынша электронды түрде материалдар жинағы құрылады.
Мақаланың өзіндік ерекшелігінің ең төменгі деңгейі – 75%. АНТИПЛАГИАТ БАҒДАРЛАМАДА МАҚАЛАНЫ ТЕКСЕРУ ТУРАЛЫ АНЫҚТАМА БЕРУ МІНДЕТТІ!
Мақалаға автордың (авторлардың) өтінімі қоса беріледі (7 - бет).
Өтінімді, мақала материалдарын, төлем түбіртегі және антиплагиат туралы анықтаманы бір хатпен электрондық пошта мекенжайына жолдауыңызды сұраймыз.