Құрметті студенттер,
Франциядағы HEIP университетіне 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестріне оқуға құжаттарды қабылдау мерзімі ұзартылғанын хабарлаймыз. Оқуға өтінішдер 2021 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.
Қабылдаушы университет: HEIP университеті, Франция, «Халықаралық қатынастар» мамандығы
Бөлінген орын саны: 4 адам
Оқу түрі: оффлайн
Семестр: көктем
Оқу мерзімі: 18 қаңтар - 22 мамыр 2022 ж
Оқыту тілі: ағылшын
Оқу: ақысыз
Қабылдаушы университетте 1 семестрде оқу ақысыз, қалғандар шығындар әр адамға шамамен:
- Орналастыру: айына 600 евро (екі орынды бөлме - ванна бөлмесі мен студиялық ас бөлмесі бар)
- Тамақтану: айына 200 евро
- Жеке шығындар: айына 150 евро
- Көлік шығындары: айына 75 евро
- Екі жаққа ұшу: 560 евро
- Визалық төлем: 60 евро
Ережеге сәйкес шетелде, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде келесі шарттаға сәйкес байқауға қатыса алады:
- 2-3 курс студенттері (бакалавр);
- ағылшын тілін білу деңгейі B2 кем емес;
- құжаттарды тапсыру кезінде академиялық және қаржылық қарызы жоқ;
- барлық оқу кезеңінде GPA 3.0ден кем емес;
- университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу.
Шетелде оқуға жіберу ережесіне сәйкес қажетті құжаттар тізімі, оның ішінде академиялық ұтқырлық шеңберінде:
Құжаттардың толық пакеті Аударма және филология факультетіне тапсырылуы тиіс
- Ректордың атына өтініш (қосымшадағы форма)
- Шетелге оқуға кететін Қазақстан Республикасы азаматының өтініші (қосымша)
- Транскрипт (ҚСО -ке сұраныс) - GPA көрсетілуімен (кемінде 3.0)
- Шет тілін білетінін растайтын құжаттың біреуі:
- IELTS сертификаты (5, 0 және одан жоғары);
- TOEFL сертификаты (35 баллдан жоғары)
- Факультет ұсынатын тілді білетіндігін растайтын құжат.
- Республикалық немесе халықаралық деңгейдегі іс -шараға қатысқаныу үшін алынған дипломдардың, сертификаттардың, таңдаған мамандығы бойынша дипломдардың көшірмелері (бар болса)
- Шетелдік паспорт (көшірмесі)
Байланыс үшін:
№1 оқу ғимараты, 112 кеңсе
Ашимова Айнаш
Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Тел: 8 (7272) 9203 84 (ішкі 2172)