Құрметті достар! Біз жас журналистерге арналған "Generation Zерттеу" зерттеу жобалары байқауын қуана-қуана жариялаймыз.

Құрметті достар! Біз жас журналистерге арналған "Generation Zерттеу" зерттеу жобалары байқауын қуана-қуана жариялаймыз.

Байқаудың 4 жеңімпазы өз зерттеу жобасын жүзеге асыру үшін 500 мың теңгеден алады.

Конкурс 2 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезеңде – Сізге 2021 жылыдң 15 желтоқсанына дейін сауалнаманы толтыру керек (сілтемесі төменде) және зерттеу жобаңыздың идеясы, өзектілігі, форматы мен аудиториясы туралы айту керек.

Бірінші турдың 20 жеңімпазы екінші турға өтеді. Олар үшін Қазақстанның жетекші журналистерімен медиа-тренингтер ұйымдастырылады, олар сіздің конкурстық өтініштеріңізді аяқтауға және конкурстық комиссия алдында өзіңізді сәтті қорғап шығуға көмектеседі. Екінші турдың қорытындысы бойынша комиссия 4 жеңімпазды іріктейді, оларға біз өз жобасын іске асыруға 500 мың теңгеден шағын гранттар табыстаймыз.

Байқауға кімдер қатыса алады?
Қазақстандық БАҚ-тың зерттеу журналистикасына қызығушылық танытқан 21-29 жас аралығындағы жас журналистері (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлері).

Байқаудың негізгі мерзімі қандай?
2021 жылдың 15 желтоқсанына дейін сіздердің сауалнамаға берген жауаптарыңызды күтеміз.
2022 ж. қаңтар айының басында - байқаудың 4 жеңімпазын жариялаймыз.
Ал 2022 жылдың 28 ақпанына дейін жеңімпаздар өздерінің зерттеу жобаларын БАҚ-та жариялауы керек.

Конкурс туралы толық ақпарат алу үшін This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына «Конкурс» белгісімен сұраныс жіберу қажет немесе +7 705 915 67 67, +7 705 577 70 80 байланыс номерлері арқылы хабарласа аласыздар.

Сауалнаманы толтырып, зерттеу жобалары байқауына қатысыңыз!

Сауалнаманы толтыру үшін төмендегі сілтемені басыңыз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSexCqQeN7kxDZ8aRuNhHozabNA6f8P18SQt6L1YEwhZlzevbQ/viewform

Жобаны «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен және «Медиа дамыту қоры» КҚ тапсырысы бойынша «Almaty Nomad» Саяхатшылар клубы» ҚБ жүзеге асырады.
#cisc2021 #generationzerttey #almatynomad #медиадамытукоры

Печать