"Менің арманымдағы Қазақстан" эссе байқауы

01.10.2022 жылдан 15.10.2022 жылға дейін Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТ университет студенттері арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" эссе байқау өткізіледі.

Байқау жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, ел тағдырына қатыстылық сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталған.

Байқау екі кезеңде өткізіледі. Жылдың 01 қазанынан 13 қазанына дейін ЖОО ішіндегі бірінші іріктеу кезеңі өтеді, ол ең жақсы жұмысты таңдауға мүмкіндік береді.
Жұмысты пошта арқылы жіберуге болады This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. 

Байқаудың екінші кезеңі 15-18 қазан аралығында өтеді, оған Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының үздік эсселері қатысады.

Егер сіз ертең Қазақстанды қалай көретініңіз туралы өз ойларыңызбен бөліскіңіз келсе, төмендегі конкурстың ережесімен танысуыңызды сұраймыз және сіздің жұмысыңызды күтеміз.

Сәттілік тілейміз!

Эссе байқауының ережесі

Печать