"Қазақстан тарихының үздік білгірі" ЖОО аралық студенттік олимпиадасы

2023 жылдың 13 сәуірінде сағат 9.30 -да Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде «Өткеннің сабағы– болашаққа бастар жол» атты тақырыбында «Абылайхантану» университет аралық кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында Қазақ ханы , ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат Абылай ханға арналған «Қазақстан тарихының үздік білгірі» тақырыбында Алматы қаласында ЖОО арасында студенттік олимпиада өтеді.

ЖОО студенттері арасындағы олимпиада (бұдан әрі – олимпиада) – «Қазақстан тарихы» пәнін оқитын болашақ білікті мамандарға арналған командалық жарыс.
Олимпиада студенттерге өздерінің интеллектуалдық қабілеттерін мен Қазақстан тарихы бойынша білімдерін көрсетуге жол ашады.
Жыл сайын Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер кафедрасы студенттерге біліммен қатар шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашып көрсетіп байқауға қатысуға мүмкіндік береді.
Олимпиаданың мақсаттары:
1. Қазақстан тарихы пәні бойынша оқушылардың білімдерін бекіту.
2. Командалық сайыс арқылы практикалық іскерлігін (талдамалы ойлау, сыни тұрғыда және жедел ойлау, коммуникативті дағдылар) дамыту
3. Патриоттық сезімдерін оятып өз елінің жетістіктерін мақтан тұтуға тәрбиелеу.

Олимпиада 5 турдан тұрады (1-қосымша).

Өтетін орны: Алматы қ. Мұратбаева, 200, 1 корпус, акт залы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.
Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.
Қатысушылар: 6 қатысушыдан тұратын командалар – Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының (түрлі мамандықтар бойынша) 1 курс студенттері.
Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін командаға өтінім беру қажет (2-қосымша).
Байланыс телефондары:
Изтаева Венера Амангелдіқызы – «Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және дүниетанымдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., тел.: 8(727)292-03-85 (ішкі 3220), +7-701 -167-23-70
Олимпиадаға қатысуға байланысты барлық шығындарды (келу, кету, тамақтану) жіберуші ЖОО көтереді.

Ұлы мемлекет қайраткері және дипломат Абылай ханға арналған

"өткенді білу - болашаққа бастар жол" тақырыбы бойынша "Қазақстан тарихының үздік білгірі"

ЖОО аралық студенттік олимпиадасына қатысуға өтінім

ЖОО атауы (қысқартусыз), ресми мекенжайы және телефоны

Команда атауы

Қатысушылардың ТАӘ (толық жеке куәлік бойынша)

ББ, мамандығы

Ғылыми жетекшінің т.а. ә., лауазымы: моб.тел., e-mail

Еріп жүретін адамның Т. А. Ә., лауазымы, моб.тел., e-mail

Қатысу тілі

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарлама

Печать