«БҰҰ -дағы Қытай тілі күні» Қазақстан Республикасының Ғалымдар күніне арналған байқау

2023 жылдың 17 – 20 cәуір аралығында,  «БҰҰ-дағы қытай тілі күніне» орай Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің Шығыстану факультеті мен  Конфуций институты бірлесіп, аударма ісі, шетел филологиясы және шығыстану білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 1 – 3 курс студенттері арасында төмендегі жарыстарды өткізеді:

1) Қытай тілінде жаңылтпаш айту сайысы

2) Мақал-мәтелдер сайысы

3) Қытайтілінде шығарма жазу және көркем мәтін аудару сайысы 

Жарыстың мақсаты: студенттердің 4 түрлі дағдыларын, яғни айтылым, тыңдалым оқылым және жазылым дағдыларын дамыту; аудармашы мамандардың кәсіби шеберлігін шыңдау, біліктілігін арттыру.

Байқау студенттерге өздерінің білімімен қатар, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге және Қытай мәдениеті, дәстүрі мен тілі, ұйымдастырушылық қабілеттерін қолдана білу қажет.

Қазылар алқасының шешімі бойынша әр сайысқа I, II, III орын беріледі. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және алғыс хатпен марапатталады.

Сайысқа жауапты оқытушылар:

1) Ділнар Меллат (Қытай тілінде жаңылтпаш айту сайысыбойынша)

Телефоны: 701564-76-66

2) Сауле Сабигазина (Мақал-мәтелдер сайысы)

Телефоны: 701645-71-08

3) Асем Ашимбаева (Қытай тілінде шығарма жазу және көркем мәтін аудару)

Телефоны: 701586-08-23

Печать