ШЕТЕЛДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУ

2023 ЖЫЛҒЫ ШЕТЕЛДЕ ҒЫЛЫМИ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН ӨТУГЕ ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ

Құрметті қызметкерлер және профессор-оқытушы құрам!

Шет елде, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдер қабылдануда. Тағылымдама ұзақтығы университеттерде, ғылыми орталықтарда және басқа да ғылыми мекемелерде 3 айдан 12 айға дейін жалғасады.

Мемлекет тағылымдамадан өтушілерге тағылымдамадан өту, екі жаққа ұшу шығындарын, сондай-ақ медициналық сақтандыру мен ай сайынғы стипендияны төлейді. Стипендия мөлшері қала және белгілі бір елдегі өмір сүру деңгейіне байланысты өзгереді.

Ғылыми тағылымдамадан өтуге үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD), ғылым докторы, магистр академиялық дәрежесінің болуы;

2) заңды тұлғалар болып табылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріндегі ғылыми зерттеу маманданудың таңдалған бағыты бойынша соңғы 12 (он екі) айдағы үздіксіз нақты жұмыс тәжірибесі;

3) шақыру хатының болуы;

4) жұмыс органы белгілеген талаптарға сәйкес деңгейде мемлекеттік және шет тілдерін білу;

5) ғылыми нәтижелердің болуы (мақалалар және т.б.)

Толық ақпарат https://bolashak.gov.kz/ru/allnews/startoval-priem-zayavok-dlya-prohozhdeniya-nauchnyh-stazhirovok-za-rubezhom-na-2023-god  сілтемесінде.

Шет елде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 13 қазанға дейін жалғасады.

Егер сұрақтарыңыз туындаса, Халықаралық ынтымақтастық бөліміне немесе This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  және This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электрондық пошталарына жазсаңыздар болады.

Печать