IULM (Милан, Италия) Университетіне Эразмус+ бағдарламасы шеңберіндегі халықаралық кредиттік ұтқырлық байқауы

ЖОО атауы

Мемлекет

Орын саны

Факультет

Мамандық

Оқу кезеңі

Оқыту тілі

Оқытудың қаржылық шарттары

Құжаттарды өткізудің соңғы күні

IULM

Италия

Казахстан үшін 1 орын

Менеджмент және халықаралық коммуникациялар факультеті

 

МІжМБ

Журналистика

PR

Туризм

 

2023-2024 оқу жылы

Көктемгі семестр

Ағылшын,
итальян

820 евро көлеміндегі ұшу ақысы және айына 850 евро көлеміндегі шәкіртақы Эразмус+ бағдарламасының қаржысынан төленеді

Дисклеймердің 1.4. тармағы

09.10.2023

 Өтініш пен қажетті құжаттарды тапсыру орны – Басты ғимарат, 219-кеңсе, Әбдіғаппар Таңшолпан Ерболқызы.

Қосымша сұрақтар үшін – int.office@ablaikhan.kz.

Байқауға қатысу үшін:

  • университетте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша ең кемі 1 семестр оқуын аяқтаған болуы тиіс;
  • Оқу кезеңі бойынша оқу үлгерімінің орта балы (GPA) 3,0 кем болмауы тиіс;
  • құжаттарды тапсыру кезінде академиялық және қаржылық қарыздарының болмауы тиіс.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. КазУМОиМЯ им. Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ ректорның атына өтініш;
  2. Өтінім берушінің сауалнамасы;
  3. Ағылшын тіліндегі транскрипт (112 каб, 1 ОҒ) – GPA көрсетілуімен (ең кемі 3.0);
  4. Ағылшын тіліндегі уәждемелік хат (қабылданған тәжірибені тарату жоспарымен);
  5. Шет тілін меңгергені жайлы растаушы құжат, деңгейі В1-ден кем емес;
  6. Грамота, диплом және сертификаттар (көшірмелері);
  7. Паспорт скан/көшірмесі.

Дисклеймер

1. Сәтті іріктелу жағдайында, студент өз бетімен:

1.1. қабылдаушы университетке оқуға қабылдану бойынша талаптарды орындауы тиіс;

1.2. сәйкес дипломатиялық өкілдіктен оқу визасын рәсімдеуі тиіс;

1.3. медициналық сақтандыру немесе медициналық тексеру рәсімдеуі тиіс.

1.4. оқу орнына келу бойынша және Италия банкінде шот ашуға арналған қажетті уақыт аралығындағы барлық шығындарды өз бетімен төлеуі тиіс (виза, ұшақ билеті, сақтандыру, 1 айлық жатын орны және 1 айлық жеке шығындары). Бұл шығындар Италия банкінде шот ашқаннан кейін студентке қайта төленетін болады.

Үміткерлер Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға арналған үміткерлерді бағалаудың рейтінгті-балды жүйесін пайдалану арқылы қарастырылатын болады.

Печать