Алматы қаласындағы ЖОО-ның студенттері арасында «Абай өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқу байқауын» өткізу туралы

Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және қазіргі жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевты еске алу, сонымен қатар студенттік өмірді байыту және мәдени алмасуды дамыту мақсатында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәне ӘТУ-дің Шығыстану факультеті мен  Конфуций институты бірлесіп, студенттер арасында «Абай өлеңдері мен қарасөздерін мәнерлеп оқу байқауын» ұйымдастырады. Алматы қаласындағы колледждер мен жоғары оқу орындарындағы үздік студенттерді байқауға қатысуға шақырылады. Конкурсқа қатысты сұрақтар төменде көрсетілген:

  1. Жарыстың өтетін уақыты: 2023 жылдың 13 қазаны, сағат 14:30.
  2. Конкурстың өтетін орны: Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті.
  3. Байқауға қатысатын студенттер 2 топқа бөлінеді:

А тобына Алматы қаласындағы университеттерде оқитын қазақстандық студенттер кіреді.

В тобына Алматы қаласындағы университеттерде оқитын қытайлық студенттер кіреді.

  1. Конкурстың ұйымдастырылуы мен форматы:

1) Байқауға әр оқу орнынан 2 студент қатыса алады. Байқаудың реті жеребе арқылы анықталады.

2) А тобының сайыс бағдарламасы:

Бірінші бағдарлама: «Абайдың қарасөздерінен» үзіндіні қытай тілінде жеке оқу (ұзақтығы 2 минут), көлемі байқауды ұйымдастырушылар ұсынғанған материалға сәйкес болуы керек;

Екінші бағдарлама: Абай өлеңдерін қытай тілінде оқу (қатысушылардың таңдауы бойынша, 2 минут).

3) В тобының жарыс бағдарламасы:

Абай өлеңдерін қазақ немесе орыс тілдерінде оқу (қатысушының таңдауы бойынша, 2 минут)

  1. Тіркелу үшін байланыс ақпараты:

Байланысқа жауапты тұлға: Ашимбаева Әсем, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Шығыстану факультеті Шығыс тілдері аударма кафедрасы.

Байланыс телефоны: +7-7016457108

Электрондық пошта:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Печать