Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті " Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2023" байқауының басталғаны туралы хабарлайды

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті "ЖОО - ның үздік оқытушысы-2023"атағын беруге конкурс жариялады.

Конкурс "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары болып табылатын, конкурсқа құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурс жыл сайын екі кезеңде – ЖОО ішілік және республикалық кезеңдерде өткізіледі.

Конкурстың I кезеңі -1 қарашадан 10 қарашаға дейін өткізіледі

Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін штаттық оқытушылар қатарынан үміткерлер келесі конкурстық құжаттамаларын жібереді:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беру конкурсына қатысу бойынша үлгідегі өтінім;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер;

      3) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі;

      4) кадрларды есепке алу жеке іс парағы;

      5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс: Уазкбаев Нурлан Танатарович, Тел.7(727)2920384, ішкі. 2418; This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Печать