«Қытай тілін оқытудың заманауи технологиялары» атты сайыс

Ақпараттық хат

2023 жылдың 24 қарашасында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің базасында Алматы қаласы ЖОО-ның қытай тілі оқытушылары арасында 5-ші кезекті кәсіби шеберлік сайысын өткізеді.

Қытай тілі оқытушыларының кәсіби шеберлігін шыңдау, инновациялық технологиялар қолдану, оқытушылардың өзара тәжірибе алмасу мақсатында Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ-дің Шығыс тілдері аударма кафедрасы мен Конфуции Институты бірлесіп, «Қытай тілін оқытудың заманауи технологиялары» атты сайыс өткізеді.

Сайыс онлайн форматта өтеді. Сайыстың өтетін уақыты: 2023 жылдың 24 қарашасы.
2022 жылғы сайысқа қатысып, 1-ші және 2-ші орынды иеленген қатысушылар сайысқа қатыса алмайды.

Сайыс мазмұны және бағалау өлшемі:
Сайыс мазмұны – қытай тілін оқыту әдістемесі (教学技能展示) (70 ұпай), қытай тілінде өнер көрсету (中华才艺展示) сайысы (30 ұпай).
Оқыту әдістемесі: қытай иероглифтері, фонетика, лексика, грамматиканы оқытудың жаңа әдістері.
Қатысушы 25–30 минуттық видео сабағын әзірлеп жібереді.
Қытай тілінде өнер көрсету уақыты 3–5 минут. Қатысушы көрсеткен өнерін видеоға түсіріп жібереді.

Байқаудың нәтижесінде 1-ші орын (1 адам), 2-ші орын (2 адам) және 3-ші орынды (3 адам) иеленген жеңіпаздар марапатталады.

Тіркелу мерзімі: 2023 жыл қарашаның 8-ші күніне дейін.

Видео материалды жіберудің соңғы күні: 2023 жылдың 19 қарашасы.
Байланысқа жауапты оқытушы: Сабиғазина Сауле
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Байланыс телефоны: +77016457108

Печать