Халықаралық араб тілі күніне орай «Араб тілі – әлемдік тіл» атты мерекелік шара

Шығыс филологиясы кафедрасы араб тілі бөлімі 5 желтоқсан 2023 жылы сағат 12:30-да Халықаралық араб тілі күніне орай ұйымдастырылатын «Араб тілі – әлемдік тіл» атты мерекелік шараға шақырады.

Мерекелік шара барысында арабтанушы-ғалым, аудармашы, араб қолжазба маманы, Абай өлеңдері мен поэмалары жинағын араб тіліне аударушы, «Сұлтан Заһир Бейбарыстың өмірбаяны»,  “RIZYQ”, т.б. еңбектердің, “Аят сырлары” курсының авторы, PhD доктор Садыбаев Құрманғазы Турмаханұлымен кездесу өткізіледі.

Араб тілі бөлімі студенттерінің арасында арабша өлең оқудан, викторина, сөзжұмбақ шешуден жарыстар ұйымдастырылады.

 

Мекен-жайы: Мұратбаев к., 200. 1 оқу ғимараты, 108.

Печать