«Шығыс өркениеті: тарих, мәдениет, тіл» атты республикалық дөңгелек үстел.

2024 жылдың 26 қаңтарында сағ. 10:30-да Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің Шығыстану кафедрасы мен факультеті Бөлекбаев оқулары аясында «Шығыс өркениеті: тарих, мәдениет, тіл» атты республикалық дөңгелек үстел өткізеді. Дөңгелек үстел аралас форматта(оффлан/онлайн) өтеді.

Іс-шара мақсаты: Шығыс елдерінің, афроазиялық қоғамдар мен мәдениеттер дамуының өзекті мәселелерін талқылау, Шығыс елдерінің қазіргі жағдайдағы тарих, саясат, мәдениет, тіл, экономика саласындағы өзара әрекеттесуінің маңызды мәселелерін қарастыру.

Дөңгелек үстелге қатысушылар: отандық ғалымдар, шығыстанушылар, тарихшылар, филологтар, философтар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері.

Teams платформасында онлайн қатысу үшін сілтеме: https://clck.ru/37U5vA 

Оффлайн қатысу мекен-жайы: Алматы қаласы, Муратбаев көш., 200. 1-оқу ғимараты, Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ, ауд. 108.

Печать