John Paul II University in Biala Podlaska (Бяла-Подляска, Польша) УНИВЕРСИТЕТІНЕ ERASMUS+ KA107 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ АЯСЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫҒА БАЙҚАУ

ЖОО атауы

Мемлекет

Орын саны

Өтініш берушілер

Тәжірибе алмасу уақыты

Ұтқырлық тілі

Шарттары

Құжаттарды өткізудің соңғы күні

John Paul II University in Biala Podlaska

Бяла-Подляска, Польша

Қазақстан Республикасына 1 орын

 Профессорлық-оқытушы құрам

- ұлттық қауіпсіздік,

- туризм,

-экономика

-филология, лингвистика (ағылшын тілі)

 

5 күн, көктемгі семест

серіктеспен келісім бойынша

Ағылшын тілі

С1 деңгейі

 

1800 евро көлеміндегі Erasmus+  шәкіртақысы

15.01.2024

Қосымша ақпарат алу үшін: Басты ғимарат, 219-кеңсе, ішкі нөмері 2219, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Оқытушылар мен қызметкерлер Халықаралық ынтымақтастық басқармасы Байқау комиссиясына – Басты ғимарат, 219 кеңсесіне өтінім берулері керек.

Байқауға қатыса алатындар:

  1. Серіктес университетпен тығыз ынтымақтастыққа үлес қоса алатын қызметкерлер;
  2. Өзін тәртіпті және жауапты қызметкер ретінде көрсеткендер;
  3. Университет қызметін дамытудың тиісті және/немесе қажетті жоспарының болуы;
  4. Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысушылар.

Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  1. Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ Ректоры атына өтініш берушінің кандидатурасын қарау туралы өтініш; (жүктеу)
  2. Қысқаша CV (сілтеме арқылы EuroPass форматында максималды 2 бет https://europass.cedefop.europa.eu/editors/en/cv/compose);
  3. Өтініш беруші үшін де, университет үшін де тәжірибеден өту жоспары, тәжірибеден өту кезінде алынған дағдылар және тәжірибенің тиімділігі (3 бет немесе одан да көп) (маңызды);
  4. Тәжірибе барасында алынатын өнім және/немесе дағдылардың сипаттасымен жоспарланған нәтижелер (1. Өнім / дағдылардың сипаттамасы; 2. Өнім / дағдылардың алмасу сипаттамасы; 3. Өнім / дағдылардың алмасу уақытының сипаттамасы; 4. Өнім / тәжірибе алмасу аудиториясының (мақсатты топтың) сипаттамасы);
  5. Тікелей басшының ұсынысы (еркін нысанда);
  6. Дипломдар мен сертификаттар (көшірмелер);
  7. ҚР азаматының паспортының көшірмесі.
  1. Соңғы 5 жылдағы жарияланымдар тізімі (Профессорлық-оқытушы құрам үшін)

Барлық құжаттар құжат тігілетін мұқабада ұсынылуы тиіс.

Сәтті іріктеуден өткен жағдайда, Профессорлық-оқытушы құрам/қызметкер тиісті дипломатиялық миссиядан виза алуы және серіктес университеттің процедуралық талаптарын орындауы қажет.

Печать