«Корей Әдебиеті Апталығы 2024»

2024 жылдың 29 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ-де  Корей Әдеби Аударма Институтының қолдауымен корей әдебиеті мен мәдениеті туралы хабардарлықты арттыру мақсатында «Корей әдебиеті апталығы 2024» (Korean Literature Week 2024) өткізу жоспарлануда, оның ішіне екі жоба қосылады:

1) Аударма дағдыларын жақсарту және әдеби аудармашылармен, зерттеушілермен және баспагерлермен халықаралық онлайн-семинарлар өткізу, сондай-ақ ТМД елдерінде корей әдебиетін ілгерілету мақсатында корей әдебиетіне немесе көркем аудармаларға байланысты түрлі академиялық іс-шаралар өткізу үшін SJKLA жанындағы «Көркем аударма орталығында» ТМД елдерінің әдеби аудармашыларын үш айлық оқыту бағдарламасы үшін электрондық білім беру платформасын іске қосу.

2) Қазақстандық кітап сүйер қауымға корей көркем әдебиетімен, поэзиясымен, драмасымен, заманауи романдарымен, эсселерімен, веб-новеллаларымен, вебтундарымен, сценарийлерімен танысуға және белгілі бір корей авторының шығармаларына арналған тұрақты ұйымдастырылатын тақырыптық кештерде аудармаларда жоғары бағаланған корей әдеби шығармаларын талқылауға мүмкіндік беру үшін "Корей кітап клубының" ашылуы.

Онлайн форматқа қатысу алдын-ала тіркелгеннен кейін ғана мүмкін болады.

Печать